Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі жарияланып, әлемдік қауымдастыққа енуінен кейін сыртқы саяси мекемелерде қызмет ететін білікті мамандар дайындау қажеттілігі туындады және жаңа ел үшін халықаралық қатынастар және дипломатия саласында мамандарды даярлау мәселесі көтерілді. Осыған орай профессор Ж.О. Ибрашевтің бастамасымен мамандықтардың республикалық топтамасына енген «халықаралық қатынастар» мамандығы ашылды. Бұл 1992 жылы тарих факультетінің шеңберінде халықаралық қатынастар және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты кафедрасының құрылуына негіз болды. Осы уақыттан бастап кафедрада бірқатар құрылымдық қайта құрылулар жүзеге асырылды. Мамандық пен факультеттің дамуымен бір факультетте негізгі аймақтардағы шет елдердің тарихы, саясаты, құқығы және экономикасымен байланысты барлық үш мамандықты топтастыру қажеттілігі туындады. Сондықтан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының бұйрығымен 2011 жылдың маусымында халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы аясында үш мамандық біріктірілді: «5В020200-халықаралық қатынастар», «5В050500-аймақтану» және «5В051300-әлемдік экономика». Қазіргі таңда халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы үш мамандық бойынша жұмыс істейді. Кафедраның барлық оқытушыларының ғылыми дәрежелері бар, оның ішінде «Халықаралық қатынастар тарихы» және «Экономика» мамандықтары бойынша ғылым докторлары: Қ.И. Байзакова, Ф.Т. Кукеева, М.Ш. Губайдуллина, Қ.Н. Макашева, Г.М. Мовкебаева, Мұхтарова Қ.С., Сапарбаев А.Ж. Бүгінгі таңда халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы жоғары білікті мамандарды дайындауға зор үлес қосып келе жатқан ірі оқу-ғылыми орталық болып табылады. Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесіндегі позицияларын нығайту мен оның сыртқы байланыстарын табысты дамыту үшін біздің елімізге сараптамалық жұмысқа, дипломатиялық келіссөздер жүргізуге, сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы халықаралық бағдарламалар мен басқа да іс-шараларды үйлестіру жұмыстарын атқаруға дайындалған жоғары білікті мамандар – халықаралық қатынастар мамандары, аймақтанушылар мен экономистер қажет. Қазіргі таңда халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы үш мамандық бойынша жұмыс істейді. Кафедра оқытушыларының барлығының ғылыми дәрежелері бар. Кафедра оқытушылары өздерінің ғылыми әзірлемелерін оқу үдерісіне белсенді түрде енгізуде: жаңа лекциялық курстар мен инновациялық семинарлар кеңінен қолданылады. Оқу үдерісінде әрбір студентпен жеке жұмыс жасау мен олардың мамандануын ескеруге көп көңіл бөлінеді. Кафедра жоғары білім берудегі жаңа тенденцияларға және мемлекеттік органдардың қажеттіліктеріне жауап беруге үнемі ұмтылуда. Кафедра шетел университеттерімен тығыз байланыста. Кафедра студенттері жазғы мектепке белсенді қатысады, сонымен қатар шетел университеттерінде тәжірибеден өтеді. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы шетелдік университеттерден келген әріптестерімен тығыз байланыста. Осы байланыстардың арқасында шетел университеттерінің профессорлары кафедрада дәрістер оқиды, семинарлар, конференциялар өткізеді. Кафедра аясында өзекті мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткізілуде.

Толығырақ
Ермек Самарович Чукубаев

Кафедра меңгерушісі

Ермек Самарович Чукубаев

+77273773330 (вн. 1777)

Кафедра байланыстары

Кафедра тарихы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, елдің әлемдік қауымдастыққа енуімен сыртқы саяси мекемелерде қызмет атқаратын білікті мамандарды даярлау қажеттілігі туды. Осыған байланысты, профессор Ж.У.Ибрашевтің бастамасымен, республикалық мамандықтар тізіліміне қосылған «Халықаралық қатынастар» мамандығы ашылған болатын. 1992 жылы тарих факультеті шеңберінде халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасы ашылды. 1995 жылы аталған кафедра қайта шаңырақ көтерген халықаралық қатынастар факультеті құрамына енді. Кафедраның алғашқы меңгерушісі қызметін халықаралық қатынастардың көрнекті ғалымы, тарихшы, т.ғ.д., профессор Жарас Омарұлы Ибрашев атқарған болатын. Әр түрлі жылдары кафедра басшылығында т.ғ.д., профессор К.И.Байзақова, профессор Ф.Т.Кукеева және т.ғ.д., доцент С.Ж. Сапанов болды. 2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап т.ғ.к., доцент Е.С.Чукубаев кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

2007 жылы кафедра ауқымында құрылымдық өзгерістер жүргізідді. 2007 жылдың шілде айында халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасы шеңберінде қызмет істеген «Аймақтану» бөлімі мен Әлемдік экономика кафедраларының нәтижесінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының бұйрығымен Аймақтану және әлемдік экономика кафедрасы ашылды. 2007-2009 жж. т.ғ.д., доцент И.А.Черных, ал 2009 жылдан т.ғ.д., профессор К.Н. Мақашева кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Кафедра «Аймақтану» мамандығын дамытты және осы мамандық бойынша түлек шығаруда. 2011-2011 оқу жылының соңына дейін кафедрада 5 ғылым докторы, профессорлар: Р.Е.Елемесов, К.Қ.Қожахметов, И.А.Черных, К.Н.Мақашева, Г.А. Мовкебаева; 8 ғылым кандидаты, доценттер: Б.З. Бюжеева, М.С. Мырзабеов, М.А. Ауған, Қ.А. Жүніс, Ғ.А. Урозбаева, А.М. Мырзахметова, Л.А. Медуханова, Р.О. Садықова қызмет етеді.

2011 жылдың маусымында ҚазҰҮ ректоры Ғ.М.Мутановтың бұйрығы негізінде Халықаралық қатынастар мен ҚР сыртқы саясаты кафедрасы және Аймақтану мен әлемдік экономика кафедралары біріктірілді. Қазіргі таңда халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы «халықаралық қатынастар», «аймақтану» және «әлемдік экономика» сияқты мамандықтар бойынша мамандар дайындайды.

Гранттық және шетелдік жобалар