Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті
КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ КРИПТОЛОГИЯ
«Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасы жүзеге асыратын білім беру жан-жақты, заманауи талаптарға сай кадрлар даярлауға бағытталған. Кафедраның білім беру бағдарламалары теория мен практиканы ұштастыра отырып, ақпараттық қауіпсіздік және криптология салаларындағы терең мамандануды қамтамасыз етеді. Кафедра келесі білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау және оқытуды жүзеге асырады: Бакалавриат: 6B06301 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері 6B06302 – Криптология Магистратура: 7M06301 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері 7M06302 – Ақпараттық қауіпсіздік аудиті Докторантура: 8D06301 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері 8D06303 – Криптология
кафедра меңгерушісі
Турарбек Әсем Турарбекқызы
3777 3333 (30-34)
Кафедра байланыстары
Ақпараттық технологиялар факультеті, "Киберқауіпсіздік және криптология" кафедрасы (230 ауд.), 3777 3333 (18-37)
Кафедра тарихы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңес хаттамасының 4-тармағына сәйкес криптология саласындағы кадрларды даярлаудың ұлттық жүйесін құру мақсатында арнайы жол картасы әзірленді. Осы құжат аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінде жаңа «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасы құрылды.
Кафедраның негізгі мақсаты — ақпараттық қауіпсіздік саласында кәсіби мамандар даярлау, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен криптологияның заманауи талаптарына сәйкес білім мен дағдыларды меңгеру. Кафедра студенттерді ақпараттық жүйелер мен желілерді қорғау, шифрлау әдістері және қауіпсіздік саясатын әзірлеу бойынша теориялық білімдер мен практикалық дағдылармен қаруландыруға бағытталған. Сонымен қатар кафедра ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларға ерекше көңіл бөле отырып, киберқауіпсіздік саласында ұлттық және халықаралық деңгейде жаңа шешімдер мен технологияларды дамытуға ықпал етеді. Сондай-ақ криптология саласындағы білім беру бағдарламаларын жаңғырту және жоғары білікті мамандар даярлау міндеті қойылған.
Оқыту процесіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының мамандары, сондай-ақ шетелдік профессорлар тартылған. Бұл шаралар Қазақстанның киберқауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарып, мемлекеттік органдар мен жеке сектор арасындағы тиімді ынтымақтастықты нығайтады.
Жаңа кафедра аясында заманауи зертханалар ашылып, жетекші халықаралық ұйымдармен серіктестік орнатылады, ғылыми-зерттеу жобалары жүзеге асырылады. Сонымен бірге студенттер мен жас мамандарға арналған тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылып, криптология саласындағы жаңа ғылыми шешімдерді әзірлеуге жағдай жасалады.
Болашақта кафедра түлектері мемлекеттік органдарда, ақпараттық технологиялар саласындағы компанияларда, қаржы секторында және құқық қорғау құрылымдарында еңбек етіп, елдің цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосады. Осылайша, «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасы Қазақстанның цифрлық егемендігін нығайтуға және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға зор серпін береді.
«Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасы 2024 жылы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі – физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Мусиралиева Шынар Женисбекқызы.
Ол ақпараттық қауіпсіздік пен криптология саласындағы жетекші мамандардың бірі болып табылады, жаңа білім беру бағдарламаларын дамытуға, ғылыми зерттеулер жүргізуге және заманауи технологияларды оқу процесіне енгізуге белсенді атсалысады. Оның жетекшілігімен кафедра Қазақстанның киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жоғары білікті кадрларды даярлауды мақсат етті.
2021 жылы республикалық «ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы атанды.
2024 жылы ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін «ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» төсбелгісімен марапатталды.
2025 оқу жылынан бастап «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасының меңгерушісі қызметіне PhD Турарбек Асем Турарбекқызы тағайындалды. Асем Турарбекқызы кафедраның кәсіби мамандар даярлау және инновациялық білім беру мен ғылыми жобаларды жүзеге асыру бағытындағы даму жолын жалғастыруда.