Медицина және денсаулық сақтау факультеті
Іргелі медицина кафедрасы
Іргелі медицина кафедрасы Жоғары медицина мектебінің студенттерін базалық медициналық және фармацевтикалық пәндер бойынша дайындайды. Оқыту бағдарламасы молекулалық және жасушалық биологияны, медициналық генетиканы, биофизиканы, гистологияны, қалыпты және патологиялық анатомия мен физиологияны және басқа да пәндерді қамтиды. Кафедра сондай-ақ «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді, магистранттар мен докторанттарды даярлайды. Құрамында 80-нен астам оқытушы бар, олардың ішінде 4 ғылым докторы, 25 ғылым кандидаты және PhD докторлары, 8 доцент және 3 профессор бар. 5 оқытушының шетелдік дипломдары бар. Кафедра ұжымы 55 медицина қызметкерінен, сондай-ақ биология, биотехнология, химия және физика салаларының мамандарынан тұрады. 7 оқытушы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өткен.
PhD, қауымдастырылған профессор
Калыкова Асем Сериковна
kalykova.assem@med-kaznu.com
Кафедра байланыстары
Алматы, 050012, көш. Төле би 96