Механика-математика
Математикалық және компьютерлік пішіндеу
Математикалық және компьютерлік пішіндеу - бұл іргелі білімнің, күшті математикалық білімнің және жоғары кәсіби бағдарламалау дағдыларының бірегей үйлесімі. Оқу процесінде біздің студенттерге қазіргі заманғы іргелі және қолданбалы ғылымның әртүрлі бағыттары бойынша кең ауқымды арнайы пәндер оқытылады. Информатика, бағдарламалау, жоғары өнімді және ІТ-технологиялар саласындағы мамандарды даярлау көлемі айтарлықтай – қолданбалы объектілі-бағытталған бағдарламалар пакеттерімен, ақпараттық және графикалық мәліметтер базасымен, әлемдік деңгейдегі есептеуіш интерактивті жүйелермен және т.б.
PhD, доцент м.а.
Бектемесов Жоламан Мақтағалиұлы
Кафедра байланыстары
Кафедраның мекен-жайы:әл-Фараби даңғылы, 71, Корпус 3
3 қабат, 318 кабинет
Кафедра телефоны: 8 (727) 221-15-89
Кафедра тарихы
«ҚР жоғарғы профессионалдық білім беру мамандықтары мен дайындау бағыттары классификаторын бекіту туралы» 19 ақпан 2001ж № 85 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы 25 желтоқсан 2002 жыл ҚР ғылым және білім Министерлігінің № 54-1 бұйрығы бойынша қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар бойынша мамандардың жетіспеу қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында «Математикалық және компьютерлік пішіндеу» мамандығы бекітілген болатын. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультетінде 2002 жылы жаңа мамандықтың пайда болуына байланысты осы мамандықты қадағалайтын компьютерлік және есептеуіш технологиялар кафедрасы құрылды.
Аз уақыт ішінде жас кафедра компьютерлік технологиялар бойынша мамандарды дайындаудан негізгі кафедралардың бірі болып табылады. Кафедрада гидродинамика проблемаларын және жылу және жылу- масса алмасу, химиялық кинетика, жану және т.б. проблемаларды шешуге арналған ҒЗЖ жүргізілетін «Табиғи процесстерді математикалық және компьютерлік пішіндеу» атты ғылыми зертханасы бар. Зертхана зерттеу жұмыстарын жоғарғы дәрежеде жүргізуге мүмкіндік беретін ең соңғы компьютерлік құрылғылармен жабдықталған.
Кафедраның мақсаты: табиғи құбылыстарды математикалық және компьютерлік модельдеу, физика-химиялық және технологиялық процестер, медициналық және биологиялық процестер бағыттары бойынша мамандар даярлау, жаңа материалдар, параллельді бағдарламалау және жоғары өнімді есептеулер алу.
Гранттық және шетелдік жобалар
Құжаттама
22 мб, pdf