Farabi University

Шығыстану факультеті

Шығыстану факультетінің басты мақсаты – шығыс елдерінің тілдерін, тарихын, мәдениеті мен әдебиетін терең және жан-жақты зерттеуге қабілетті, ғылыми тұрғыдан ойлайтын, зияткерлік әлеуеті жоғары, шығармашылыққа бейім және белсенді жастарды даярлау болып табылады. Шығыстану саласы өзінің көпқырлылығымен, пәнаралық табиғатымен ерекшеленеді, сондықтан біз білім алушыларға тілдік дағдыларды үйретумен шектелмей, олардың тарихи-мәдени және саяси-дипломатиялық процестерді кешенді түрде түсіну қабілетін дамытуға, дербес зерттеу жүргізу және сыни талдау машықтарын қалыптастыруға баса назар аударамыз. Факультетте білім алушыларға халықаралық ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларына қатысуға, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық шеңберінде тәжірибе алмасуға, сондай-ақ шет тілдерінде ғылыми дискурс жүргізуге мүмкіндік беріледі. Біз білім алушылардың ғылыми ізденістерге араласуына, жеке шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруына және өмірдің түрлі салаларында үйлесімді дамуына жан-жақты қолдау көрсетеміз. Шығыстану факультеті кәсіби білім беретін орын ғана емес, сонымен бірге ғылым мен мәдениетті ұштастыратын, студенттердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған ірі ғылыми-академиялық орталық болып табылады. Біз шығыстануға қызығушылық танытқан әрбір жас ізденушіні қарсы алуға дайынбыз және олар өз қабілеттерін толық іске асырып, халықаралық ғылыми қауымдастықта лайықты орын иеленетініне кәміл сенеміз.

Декан

Эгамбердиев Мырзахан Шарипбайұлы

8(727)377-33-33/17-85

Қарасай батыр көшесі, 95

Видеопрезентация