Физика-техникалық факультет
Физика-техникалық факультет – республиканың жоғары білім беру саласының көшбасшысы. Оқытушылар мен студенттер алдыңғы қатарлы әлемдік журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер мен авторлық куәліктер саны ұлғаюда. Осы жетістіктердің барлығы факультет қабырғасында жұмыс істеген және өз жұмысын жалғастырушы ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының таланты, ынтасы мен шығармашылығы арқасында ғана мүмкін болды. Нәтижесінде, Физика-техникалық факультетінің түлектері білім мен технологиялардың кез келген жаңа салаларын белсенді меңгеріп, еліміздің еңбек нарығында өте жоғары бағаға ие болып келеді.
Факультет
ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!
Еліміздің жоғары білім беру көшбасшысы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университеті 1934 жылы құрылған және біз бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының ғана емес, бүкіл Орталық Азияның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны болып келеміз. Университет құрамындағы алғашқы факультеттердің арасында физика-математика факультеті де болды. Оның жарқын дәстүрлерінің лайықты жалғастырушысы қазіргі физика-техникалық факультеті болып табылады, онда физика мен техниканың әртүрлі бағыттары бойынша әлемдік деңгейдегі ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
Факультет құрамында төрт кафедра бар: Теориялық және ядролық физика; Жылу физикасы және техникалық физика; Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика; Қатты дене физикасы және бейсызық физика.
Физика-техникалық факультеттің тұрақты дамуы, аса қажетті мамандықтардың тұрақты түрде сарапталуына және оқытудың барлық сатыларындағы білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға негізделеді, бұл өз кезегінде дайындығы жақсы, ынталы және дарынды студенттерді қызықтыратыны анық. Факультетте 51 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярланады, әлемнің жетекші университеттерімен қосдипломды және бірлескен бағдарламалар бар.
Факультеттің мақтанышы, студенттерге үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сапалы іргелі білім алуға мүмкіндік беретін жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы болып табылады. Ерте курстардан бастап, дарынды жастар қалыптасқан ғылыми мектептер шеңберінде қазіргі заманғы физика мен техниканың өзекті бағыттары бойынша зерттеу қызметіне белсенді тартылуда.
Физика-техникалық факультет өз саласында республиканың жоғары білім беру көшбасшысы ғана емес, сонымен қатар ірі ғылыми кластер болып табылады. Факультет оқытушылары мен студенттері жетекші әлемдік журналдарда мақалалар жариялайды, сондай-ақ жыл сайын өнертабыстар, патенттер мен авторлық куәліктер саны артып келеді. Ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар саны да үнемі артып отыр. Осы жетістіктердің барлығы факультет қабырғасында жұмыс істеген және өз жұмысын жалғастырып жатқан ғалымдардың бірнеше буынының таланты, ынта-жігері мен шығармашылығының арқасында мүмкін болып отыр. Нәтижесінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің түлектері еліміздің еңбек нарығында өте жоғары бағаланады, олардың қолында білім мен технологияның кез келген жаңа салаларын белсенді меңгеруге, өз армандары мен ұмтылыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін іргелі білімі мен практикалық дағдылары бар.
Физика-техникалық факультет өзінің дамуында әрдайым уақытпен қатар жүретінін, тіпті дамып келе жатқан тенденцияларға назар аудара отырып, одан сәл озып кететінін дәлелдеді. Заманауи білімсіз және озық ғылым мен технологияларды дамытусыз, оның нәтижелерін бизнеске кеңінен енгізусіз инновациялық экономиканы құру мүмкін емес. Осы мақсатта факультетте әлемнің жетекші университеттерінің бағдарламаларына сәйкес келетін жаңа оқу бағдарламалары әзірленді, идеялардан бастап, оларды енгізуге дейінгі ғылыми-техникалық зерттеулердің дамуын сүйемелдеуге мүмкіндік беретін инновациялық құрылым енгізілді.
Құрметті студенттер! Біздің еліміздің болашағы өздеріңіздей талантты, ынталы, белсенді және өршіл жастарға, елдегі ең жақсы білім алуға бағытталған, жаңа білімге ашық және тәлімгерлермен, аға буынмен жемісті ынтымақтастыққа дайын ұрпаққа байланысты. Сіздің тағдырыңыз өз қолыңызда. Біз әрқашан сіздің армандарыңызды жүзеге асыруға көмектесуге дайынбыз. Сіздің табысты мансабыңыз – біздің жетістігіміз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰЗУ физика-техникалық факультетінің қабырғасында өткізген жылдарды жылулық пен мейірімділікпен еске алатыныңызға сенімдіміз, сондай-ақ өмірге жолдама алған мамандар мен ғалымдардың барлық алдыңғы буындары сияқты «ҚАЗҰЗУ ТҮЛЕГІ» атағын мақтанышпен алып жүресіз!
Құрметпен Нұрзада Бейсен,
физика-техникалық факультетінің деканы
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Радиотехника және телекоммуникация саласындағы ең жаңа жетістіктерді пайдалана алатын, элетрондық аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу, телекоммуникациялық жабдықтарды техникалық қызмет көрсету, берілген дәлдік дәрежесімен деректерді өңдеу дағдыларына ие, желілік коммуникациялық жабдықтарды пайдалану және қолдау үшін ұсыныстар жасай алатын ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларда білікті мамандарды даярлау.
Машина жасау, құрылыс, электротехника, электронды құрылғылар және микро және наноэлектроникада модельдеу және жобалау, материалдарды өндіру, пайдалану саласына байланысты инженерлік қызметтің негізгі түрлерін жүзеге асыра алатын түлектер үшін кәсіби дайындықты қамтамасыз ету.
Физика мен кибернетиканың соңғы жетістіктерінің түйіскен көпбейінді салаларда мәселелерді шешуде кешенді және жүйелі көзқарасты талап ететін пәнаралық есептерді шешуге бағытталған, инновацияларды енгізудің жоғары деңгейіне жеткен кәсіпорындар мен өндірістік компанияларда жұмыс істеу үшін талап етілетін білімі мен құзыреттері бар, инновациялық консалтингтік қызметтерді ұсынатын компанияларда және ғылыми-зерттеу ұйымдарында жоғары технологиялық әзірлемелер жасауға қабілетті киберфизика саласындағы мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету
Бағдарлама іргелі ғылым жетістіктерін қолдану арқылы қолданбалы физика салаларында әртүрлі мақсаттағы жаңа құрылғылар мен функционалдық материалдарды әзірлеумен және енгізумен айналысатын, физикалық құбылыстарды зерттеу мен модельдеудің қазіргі заманғы технологияларын меңгерген мамандарды даярлауға бағытталған.
Физика саласында терең білімі бар және табиғаттың негізгі іргелі заңдары бойынша алған нақты білімдерін түсінікті және жеңіл түрде жеткізе алатын, теориялық және эксперименттік физика бойынша заманауи білімдерін ғылыми-зерттеу қызметінде, сондай-ақ ғылым мен техниканың басқа салаларында қолданбалы және инновациялық мәселелерді шешу үшін пайдалана алатын физика саласындағы жоғарғы біліктілікті мамандар дайындау.
Астрономия және физиканың негізгі тараулары бойынша іргелі білімге ие, ақпаратты жан-жақты, сыни талдауға және өңдеуге қабілетті тұлғаны сапалы дайындау. Сонымен қатар, болашақ, ғылыми-зерттеу және оқу-тәрбие бағытында физика-математикалық әдістерді, қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды және бақылау астрофизикасы саласындағы инновациялық шешімдерді іс жүзінде қолдану дағдысына ие жоғары білікті маманды әзірлеу.
Атом ядросы және элементар бөлшектер физикасы саласында қажетті дағдылары бар, ядролық физика және ядролық инженерия саласындағы қазіргі заманғы ғылыми зерттеулердің жай-күйіне сыни талдауды жүзеге асыруға қабілетті; ядролық және радиациялық қауіпсіздікті, ядролық материалдардың қорғалуы мен бақылануын қамтамасыз ету тәсілдерін, ядролық материалдармен және технологиялармен жұмыс істеу мәдениетін меңгерген жоғары білікті мамандарды даярлау.
Энергетика және электротехника саласындағы бәсекеге қабілетті, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес, құрылғылармен жұмыс істеу дағдылары бар, өнеркәсіптік кәсіпорындарды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты тұрақты энергиямен жабдықтау үшін, электр энергетикалық қондырғылармен техникалық қызмет көрсету, жылу электр станцияларының тұрақты жағдайын және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге, отын энергиясы мен екінші мәрте энергетикалық ресурстарды бу, ыстық су, сығылған газдың энергиясына электр және механикалық энергияға тиімді түрлендіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін мамандарды дайындау
Мақсаты - электр энергетикасы саласында, электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тұтынуға негізделген техникалық профильдегі жобалау және зерттеу ұйымдарында энергетика саласының кәсіпорындары мен ұйымдарында сұранысқа ие білімі мен құзыреттілігі бар білікті мамандарды дайындау.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Заманауи еңбек нарығының қажеттіліктерін есепке ала отырып, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін оқу үрдісімен бірге қолдана алатындар өндіріс проблемаларын, өндірістік кәсіпорындардың проблемаларын шешуді қоса алғанда, технологиялық процестер мен материалдарды жаңа технологиялар мен әдістерді қолдана отырып, материалтану және жаңа материалдар технологиясы салаларында біліктілігі, мүмкіндіктері мен құндылықтары бар білікті инженер-технологтарды даярлау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты - радиотехника, электроника және телекоммуникация саласында радиотехникалық құрылғылардың құрамындағы заманауи электрондық компоненттерді жобалауға, соңғы құрылғылар арасында қорғалған ақпаратты үздіксіз таратуға және қабылдауға арналған телекоммуникациялық желілерді модельдеуге және әзірлеуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету.
Жылу энергетикасы мен жылутехнологиялар саласында ғылыми-практикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті дағдылар мен іскерліктер; жылу қондырғыларының сенімділігі мен энергия тиімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеуге; технологиялық процестерді компьютерлік моделдеуді жүргізуге және оларды оңтайландыру үшін ұсыныстар ұсынуға қабілетті; оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістерін пайдалана отырып, кәсіби қызмет саласында білім беру бағдарламаларын іске асыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды қалыптастыруға дайындық.
Жаңа физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды анықтауға, зерттеуге және модельдеуге байланысты терең білімді, инженерлік физика саласында әртүрлі мақсаттағы жаңа технологияларды, аспаптарды, құрылғылар мен материалдарды әзірлеу, жасау және енгізу үшін қажетті дағдылар мен іскерліктерді меңгерген жоғары білікті мамандарды даярлау.
Жаңа білім объектілерін меңгеруге, сондай-ақ физика саласындағы жаңа білімді генерациялауға қабілетті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету, кәсіптік тілде ғылыми және өндірістік міндеттерді қалыптастыру және оларды қазіргі заманғы әдістер мен технологиялар көмегімен шешу; бейбітшілік, жақсылық пен әділдік идеяларына негізделген белсенді азаматтық ұстанымы бар; Білім алушыларға физика саласында теориялық білімді және практикада зерттеу әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру, өз саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Ғылыми-зерттеу ұйымдары, жобалау - конструкторлық бюролар және ұқсас бейіндегі басқа да ұйымдар үшін кәсіби кадрлар даярлау; жоғары және орта-арнайы білім беру жүйесінің ұйымдарын педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету; жаратылыстану-ғылыми және техникалық бейіндегі ұйымдарды басқару кадрларымен қамтамасыз ету.
Ең жоғары академиялық стандарттарға сәйкес бәсекелестік, бірақ ынталандырушы білім беру ортасында Астрофизика бойынша жоғары білікті мамандарды дайындауды қамтамасыз ету, білім алушылар үшін тартымды, астрономияның негізгі курсы бойынша мықты білімі бар, мықты бақылау және теориялық негізде негізделген, жаңа жетістіктерге негізделген элективтік бағыттар бойынша білім беру.
Электр энергетикасы объектілерін пайдалану және техникалық қызмет көрсету саласында инженерлер, басшылар және техникалық мамандар, электр энергетикасы, жаңартылатын энергетика, энергетикалық материалдар мен технологиялар, сапаны басқару және автоматтандыру саласындағы өзекті ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін ғылыми қызметкерлер ретінде жұмыс істеуге дағдылары мен құзыреттері бар мамандарды дайындау
Жоғары оқу орындарының білім беру саласындағы және ядролық физика аймағындағы ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін және ядролық энергетика саласындағы өнеркәсіптік орталықтарда талап етілетін жоғары білікті мамандарды сапалы дайындау.
Ядролық-медициналық диагностика және терапия саласында инновация жүргізуге, ядролық медицинада ғылыми зерттеулер жүргізуге, қазіргі заманғы инновациялық ядролық медицина мен технология саласында ғылыми-зерттеу институттарын дамытудағы медициналық орталықтарға сұранысқа ие, медициналық, биологиялық және физикалық білімге, сонымен қатар кең эрудицияға ие жоғары білікті мамандарды даярлау.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
материалтану және жаңа материалдар технологиясы бойынша жоғары білікті мамандарды сапалы дайындауды қамтамасыз етеді. Мамандар келесі қабілеттерге ие болады: - қазіргі заманғы материалтанудың негізгі принциптерін түсіндіру; - диссертациялық зерттеуді жүзеге асыру барысында алынған білімді әрі қарай қолдану мақсатында заманауи материалтанудың жаңа бағыттарының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеу және түсіндіру; - зерттеу институттарында, ғылыми орталықтарда, дизайн және жобалау кеңселерінде, күн энергетикасын дамыту саласында, білім беру мекемелеріндің талаптарына сай материалдарды және жаңа материалдар технологиясы саласында өздігінен ғылыми зерттеулер жүргізу; - ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің маңыздылығын бағалап, ғылыми пікірталастарда өзінің ғылыми пікірін көрсету және қорғау.
Радиотехника, электроника және телекоммуникация саласында іргелі білімі бар, мықты зертханалық және теориялық негізде ғылымның ең жаңа жетістіктеріне негізделген, ғылыми-зерттеу институттарында, ғылыми орталықтарда, конструкторлық және жобалау бюроларында, фирмалар мен компанияларда, білім беру мекемелері мен тиісті бейіндегі мемлекеттік басқару органдарында талап етілетін радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін дағдылары мен шеберліктері бар жоғары білікті мамандарды дайындауды қамтамасыз ету.
Бағдарлама жану және жылу алмасу теориясына негізделе отырып, жылу тасымалдағыштардың жылу физикалық қасиеттерін өз бетінше оқып үйренумен және зерттеумен айналыса алатын; жылу энергетикалық станцияның энергетикалық саласының жабдықтары мен әдістерін жетілдіру және олардың сенімділігін, экологиялық қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру бойынша жаңа техника мен технологияларды әзірлей алатын ғылыми, ғылыми-педагогикалық және инженерлік кадрларды дайындауға бағытталған.
Ғылым, білім және өнеркәсіп үшін салалық ғылымның тереңдетілген әдістемелік және теориялық негіздерін білетін, өзінің кәсіби қызметінің саласында қолданбалы міндеттерді шешу үшін жұмыс тобының басқарушысы мен сарапшы дағдыларын меңгерген және инновациялық технологияларды әзірлеу мен енгізуге бағдарланған; сәйкес кәсіби біліммен және тәжірибелік дағдылармен, техникалық физиканың таңдалмалы саласында теориялық және экспреименталды зерттеулерге қабілетті және дайын еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын физика-техникалық бейіннің жоғары білікті ғылыми, ғылыми –педагогикалық және инженерлік кадрларын дайындау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты теориялық және плазма физикасы бойынша іргелі білімге, кәсібилілік және жалпымәдени құзіреттілікке, сонымен қатар келесілерге ие заманауи формациядағы жоғары дәрежелі мамандарды дайындау: - ғылыми-зерттеу қызметінде іргелі, қолданбалы және инновациялық мәселелді шешу үшін физика бойынша заманауи білімді қолдануға; - теориялық және плазма физикасының әртүрлі мәселелерін шешу үшін өз бетімен ғылыми зерттеу жүргізуге; - Халықаралық деңгейде ғылыми қоғаммен теориялық және плазма физикасы аймағындағы ғылыми зерттеу тақырыбына жақын тақырыптарда сұхбат және талқылау жүргізу; - тек жеке ғана емес, топта да жұмыс жасау.
Бағдарлама ғылыми-зерттеу институттарында, ғылыми орталықтарда, конструкторлық және жобалау бюроларында, фирмалар мен компанияларда, білім беру мекемелері мен мемлекеттік басқару органдарында сұранысқа ие, астрофизика саласында іргелі білімі бар, мықты эксперименттік және теориялық негізге сүйене отырып, ғылымның жаңа жетістіктеріне негізделген жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
Білім беру бағдарламасының мақсаты - энергетикадағы инновациялық технологияларды жобалау кезінде теориялық білімі мен зерттеу әдістерін практикада қолдануға қабілетті жоғары білікті мамандарын даярлау болып табылады, олар энергетика саласының электр энергиясын тұтыну, сондай-ақ жобалау және ғылыми ұйымдарда және техникалық университеттерде кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс істеуге құзыретті болады деп күтілуде
Жоғарғы оқу орындарындағы білім беру саласына, ядролық физика саласындағы отандық және шетелдік ғылыми орталықтарға жоғары білікті мамандарды даярлау. Бағдарлама кәсіби тұлғаның келесі қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған: - заманауи жетістіктерді сыни талдау және бағалау, ғылыми және практикалық мәселелерді шешуде, оның ішінде пәнаралық бағыттарда жаңа идеяларды қалыптастыру; - ғылыми және ғылыми-білім беру міндеттерін шешу үшін қазақстандық және шетелдік ғылыми топтардың жұмысына қатысу; - мемлекеттік және шет тілдеріндегі ғылыми қоғамның заманауи әдістері мен технологияларын қолдану; - өздерінің кәсіби және жеке даму мәселелерін жоспарлау және шешу; - заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ядролық физика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүзеге асыру; - өздігінен атом ядроларының құрылымы мен қасиеттерін, ядролық реакцияларды, ядролардың орташа аралық және жоғары энергиялардағы элементар бөлшектер сәулелерімен өзара әрекеттесуін, сондай-ақ астрофизикалық құбылыстардағы ядролық өзара әрекеттесудің рөлін анықтауға арналған теориялық модельдерді дербес әзірлеу; - өздігінен немесе зерттеу тобының құрамында бөліну және ядролық синтезделу физикасын атап айтқанда, өте ауыр элементтердің синтезін, сонымен қатар атомаралық және молекулааралық физиканы және мюон катализі физикасын зерттеудің тәжірибелік әдістерін әзірлеу; - өздігінен немесе зерттеу тобының құрамында, ядролық және ғарыштық сәулелер физикасында зерттеуге арналған жаңа тәжірибелік қондырғылар мен жабдықтарды құрастыру және жасау;
Жоғарғы оқу орнындағы білім беру үдерісін классикалық және инновациялық оқыту әдістеріне негізделген топ менеджердің және сарапшының тиісті кәсіби білімі мен практикалық дағдылары бар дамыту бойынша бәсекеге қабілетті; кәсіптік қызметінде жаңа инновациялық технологияларды әзірлеуге және енгізуге бағытталған ғылыми зерттеулерді дербес жүзеге асыра алатын; еңбек нарығының стандарттау және сертификаттау саласындағы теориялық, эксперименталды, басқарушылық зерттеулерге қабілетті және дайын еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламалары
Бізге қосылып, сұранысқа ие маман болғыңыз келе ме? Онда бізге жазыңыз!
abiturient.kaznu@gmail.com немесе қабылдау комиссиясына қоңырау шалыңыз!
Қабылдау комиссиясының нөмірі: +7 (727) 377 33 30, +7 (727) 377 33 33
Байланыс орталығы: +7 (727) 377 33 30
Веб-сайт:: https://welcome.kaznu.kz/
Онлайн тіркелу: https://univer.kaznu.kz/abiturient_user/login