- Басты бет
- Жаңалықтар
- Физика-техникалық факультеттің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары студенттерге халықаралық мүмкіндіктер туралы баяндады. ТДМ 9 және ТДМ 17
Физика-техникалық факультеттің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары студенттерге халықаралық мүмкіндіктер туралы баяндады. ТДМ 9 және ТДМ 17

2025 жылғы 9 қыркүйек күні, сағат 14:00-де химия және химиялық технология факультетінің малахит залында физика-техникалық факультеттің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасарының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесудің тақырыптары
-
Студенттер үшін академиялық ұтқырлықтың халықаралық мүмкіндіктері;
-
Әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарындағы жазғы ғылыми тағылымдамалар бағдарламалары.
Кездесу барысында студенттер ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламалары, Erasmus ICM, Global UGRAD, Orhun Exchange, сондай-ақ CERN, DESY, EPFL, OIST, ISTA, Vienna BioCenter, Жапонияның Ұлттық генетика институты және басқа да беделді орталықтардағы тағылымдамалар туралы толық ақпарат алды.
Қатысушылар
Кездесуге физика-техникалық факультетінің, сондай-ақ химия және химиялық технология факультетінің, IT факультетінің, биология және биотехнология факультетінің, механика-математика факультетінің студенттері қатысты. Бакалавриаттың 4-курс және магистратураның 2-курс студенттерінің қатысуы ерекше ұсынылды.
Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) байланыс
-
ТДМ 9 – Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым
Жетекші ғылыми орталықтардағы тағылымдамалар жаңа технологиялар, инженерия және қолданбалы ғылымдар саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған, бұл елдің инновациялық әлеуетін дамытуға тікелей ықпал етеді. -
ТДМ 17 – Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік
Академиялық ұтқырлық пен ғылыми тағылымдамалар университеттің халықаралық ынтымақтастығын нығайтып, шетелдік ЖОО-лар мен ғылыми-зерттеу институттарымен берік байланыстар орнатады. Бұл бірлескен зерттеулер мен білім беру бастамаларына жаңа мүмкіндіктер ашады.
Осылайша, бұл іс-шара студенттердің академиялық мәдениетін дамытуда маңызды қадам болып, олардың жаһандық білім беру және зерттеу үдерістеріне қатысуына жаңа көкжиектер ашты.
Басқа жаңалықтар

