Халықаралық қатынастар факультеті
Халықаралық қатынастар факультеті 1995 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы негізінде, университеттің ғылыми кеңесінің 28 сәуірдегі №88 бұйрығымен құрылған. Факультет өзінің өмір сүру кезеңінде ұзақ және бай қалыптасу мен даму жолынан өтті. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасына халықаралық қатынастар, халықаралық құқық және әлемдік экономика салаларында білікті мамандарды дайындау қажеттілігі туды. Республикамыздың әлемдік қауымдастыққа енуі халықаралық мамандарды дайындау қажеттілігін өзекті мәселеге айналдырды. Халықаралық қатынастар мамандығын ашу туралы ой туғанда, бұл ойды үкімет те, қоғам да жан-жақты қолдады.
Факультет
Қазiргi таңда факультет ірi ғылыми-бiлiм беру орталығы болып табылады, ол барлық үш оқыту сатысы бойынша жоғары бiлiктi халықаралық мамандарды даярлауға айтарлықтай үлес қосады: бакалавриат - магистратура - PhD докторантура. Факультеттiң барлық мамандықтары жетекші әлемдiк аккредиттеу агенттiктерiмен аккредиттелген. QS Subject әлемдік рейтингiнде факультет мамандықтары жоғары орындарға ие: «Халықаралық қатынастар», «Аймақтану» «Халықаралық құқық», «Әлемдік экономика», «Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма ісі».
Заманауи білім беру технологияларын сәттi қолдана отырып, факультет халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат, халықаралық құқық және әлемдік экономика саласындағы жетекші кадрлар ұстаханасы болып саналады. Факультет түлектерi Республиканың мемлекеттiк органдарында, бизнес саласында, халықаралық ұйымдарда табысты еңбек етуде.
Факультеттiң ғылыми-педагогикалық қызметi республикада жане одан тыс жерлерде лайықты мойындалады және құрметке ие. Осы жылдар iшiнде факультет алыс және жақын шетелдердің жетекші университеттерімен тұрақты серiктестiк қатынастар орнатты. Халықаралық ынтымақтастык студенттер мен оқытушылардың белсенді халықаралық ұтқырлығын дамытуға ықпал етеді.
Түлектердің негізгі қызмет салалары:
- Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі;
- Дипломатиялық өкілдіктержәне консулдық мекемелер;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік пен басқару органдарының, министрліктер мен ведомстовлардың сыртқы байланыстар жөніндегі департаменттері;
- Құқық қорғау органдары: прокуратура, ішкі істер органдары, сот, адвокатура, нотариат
- Ұлттық қауіпсіздік органдары;
- Халықаралық үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар
- Халықаралық құқық бакалаврының кәсіби мақсатта пайдалануын қамтамасыз ететін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, сонымен қатар басқа ұйымдар;
- түрлі салалар, меншік түрлері ұйымдарының экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және аналитикалық қызметтері;
- мемлекеттік мекемелерде, аударма бюроларында және агенттіктерде жазбаша аудармашы.
Факультет БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді басшылыққа алады:
10 - Теңсіздікті қысқарту. Елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті қысқарту.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Отандық және халықаралық еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес студенттердің жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, осы саласы бойынша олардың қажеттіліктері мен ел мен өңірдің даму перспективаларына сәйкес бакалаврларды даярлаудың стандарттарын дайындау.
Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарда, құқық қорғау органдарында, соттарда, төреліктерде, басқа да құқықтық институттарда, қазақстандық, шетелдік және халықаралық компанияларда халықаралық құқықты, ҚР және шет елдердің заңнамаларын, шет тілін білетін заңгердің кәсіби функцияларын орындауға қабілетті мамандарды сапалы даярлау.
Отандық және халықаралық еңбек нарығының және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес студенттердің жалпымәдени, жалпыкәсіби және кәсіби біліктілікті қалыптастыру, саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы іргелі білімі бар, аймақтық үдерістердің күрделі мәселелерін сараптауда және олардың нәтижелерін тәжірибелік қызметте пайдалану мүмкіндігіне ие білікті бакалаврларды сапалы даярлау.
Нақты және қаржы секторындағы кәсіпорындардың (ұйымдардың), Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын реттейтін мемлекеттік органдардың сыртқы экономикалық қызметі саласындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық және ғылыми-зерттеу мәселелерін шешуге қабілетті мамандарды сапалы даярлау. Бағдарлама шет тілдерін білетін және қазіргі әлемдік экономикадағы динамикалық өзгерістермен байланысты көптеген теориялық және практикалық мәселелерді шеше алатын халықаралық экономистерді даярлауға бағытталған.
Бағдарламаның мақсаты: заманауи аударма ісінің жаңа бағыттары туралы түсініктері және халықаралық және құқықтық қатынастар саласындағы жұмыс берушінің талаптары мен қоғам қажеттіліктеріне сай келетін кәсіби құзыреті бар жоғары білікті аудармашыларды дайындау.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистрлер даярлаудың осы бағытына бойынша стандарттарға, отандық және халықаралық еңбек нарығына мен жұмыс берушілердің талаптарына сай, магистранттардың кәсіби дағдыдарын қалыптастыра, әртүрлі дәрежеде сарапталған мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен басқада акторлардың өзара әрекетін, қазіргі халықаралық саясаттың әртүрлі аспектілерін бағалауға қабілетті; зерттеу дағдылары мен дара зерттеу жұмыстарын орындай алатын, шет тілдерін жетік меңгерген сыртқы саясат және халықаралық қатынастар саласында біліктілігі жоғары мамандар даярлау
Аймақтық және жаһандық үдерістердің даму тенденцияларын, олардың жаңа теориялары мен тұжырымдамаларын сыни сипатта түсіндіріп, баға бере алатын, ғылыми теориялар, мектептер мен бағыттарды зерттей отырып, ғылыми-педагогикалық қызметпен сабақтастыра алатын; сараптамалық жұмыс жүргізуге, инновациялық ғылыми әдіснама негізінде халықаралық және аймақтық деңгейдегі мәселелерді зерттеуге қабілетті аймақтану саласында сапалы ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау.
Халықаралық құқық Білім беру бағдарламасының мақсаты – ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, педагогикалық қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ халықаралық құқық, юриспруденция және сыртқы саясат, кәсіби шет тілдері саласында жұмыс істеуге деген сұранысқа ие халықаралық құқық саласындағы ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау. Бағдарлама мемлекеттің, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің, халықаралық құқық пен сыртқы саясаттың, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, құқық қорғау, халықаралық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысатын мекемелердің, министрліктер мен ведомстволардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Осы бағдарлама бойынша оқыған түлектер халықаралық құқықтың және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына, мемлекеттік органдардың қызметінде халықаралық құқық принциптерін бұзуға жол бермеу бойынша сараптамалық, аналитикалық, басқарушылық іс-шараларды жүргізе алады; жоғары оқу орындарында халықаралық құқықтық профиль пәндеріндегі педагогикалық функцияларды орындау; халықаралық құқық саласындағы ғылыми мәселелерді шешуге, ғылыми жарияланымдар мен магистрлік диссертацияларға ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жасауға қабілетті болады.
Әлемдік экономика мен халықаралық экономикалық қатынастарды терең білетін, қазіргі заманғы әлемдік экономиканың проблемаларын зерделеудегі ғылыми әдістерді қолдануға қабілетті, шет тілдерін білетін, ғылыми білімдердің құралдарына ие білікті ғалым, халықаралық экономист дайындау; халықаралық сауданың, нарықты, халықаралық валюталық және қаржылық қатынастарды терең меңгерген, халықаралық бизнеспен айналысатын кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметін талдау және басқара алатын маман. Әлемдік экономика саласындағы, халықаралық сауда және қаржы саласындағы, халықаралық экономикалық интеграция саласындағы халықаралық, іскерлік және халықаралық компаниялар, банктер мен жетекші халықаралық экономикалық ынтымақтастық ұйымдарының халықаралық экономистерінің функцияларын орындауға қабілетті жоғары білікті маман даярлау.
Бағдарламаның мақсаты - халықаралық және құқықтық қатынастар, ғылыми-техникалық және мәдени өмір салаларында екі және одан да көптілді пайдалану кезінде көпшілік алдында сөз сөйлеуді аударуды сапалы жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті аудармашы мамандарды даярлау.
Магистрлер даярлаудың осы бағытына бойынша стандарттарға, отандық және халықаралық еңбек нарығына мен жұмыс берушілердің талаптарына сай, магистранттардың кәсіби дағдыдарын қалыптастыра, әртүрлі дәрежеде сарапталған мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен басқада акторлардың өзара әрекетін, қазіргі халықаралық саясаттың әртүрлі аспектілерін бағалауға қабілетті; зерттеу дағдылары мен дара зерттеу жұмыстарын орындай алатын, шет тілдерін жетік меңгерген сыртқы саясат және халықаралық қатынастар саласында біліктілігі жоғары мамандар даярлау
Қазіргі заманғы цифрлық технологияларды қолдана отырып, ғылыми-зерттеу қызметінің заманауи әдіснамасын пайдаланатын, әлемдік экономика және халықаралық экономикалық қатынастар саласында қолданбалы жобаларды әзірлейтін, оқытудың заманауи педагогикалық стратегияларын қолданатын шет тілін меңгерген білікті кадрларды даярлау
Бағдарламаның мақсаты - ТМД Желілік университетінің жобасы бойынша жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы шеңберінде халықаралық құқық саласындағы ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау. Бұл бағдарламаның түлектері халықаралық құқық, юриспруденция және сыртқы саясат саласындағы жұмысқа сұранысқа ие болады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оқу іс-шараларын өткізуге дайын болады. Бағдарлама мемлекеттің, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің, халықаралық құқық пен сыртқы саясаттың, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, құқық қорғау, халықаралық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысатын мекемелердің, министрліктер мен ведомстволардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Осы бағдарлама бойынша оқыған түлектер халықаралық құқық пен ТМД елдерінің заңнамаларына сәйкестігі мәселелері бойынша сараптамалық консультациялық, талдамалық, басқарушылық іс-шараларды жүргізе алады, мемлекеттік органдардың қызметінде халықаралық құқық қағидаттарын бұзуға жол бермейді; халықаралық құқық саласындағы ғылыми мәселелерді шешуге, ғылыми жарияланымдар мен магистрлік диссертацияларға ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жасауға қабілетті болады.
Әлемдік экономика мен халықаралық экономикалық қатынастарды терең білетін, қазіргі заманғы әлемдік экономиканың проблемаларын зерделеудегі ғылыми әдістерді қолдануға қабілетті, шет тілдерін білетін, ғылыми білімдердің құралдарына ие білікті ғалым, халықаралық экономист дайындау; халықаралық сауданың, нарықты, халықаралық валюталық және қаржылық қатынастарды терең меңгерген, халықаралық бизнеспен айналысатын кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметін талдау және басқара алатын маман. Әлемдік экономика саласындағы, халықаралық сауда және қаржы саласындағы, халықаралық экономикалық интеграция саласындағы халықаралық, іскерлік және халықаралық компаниялар, банктер мен жетекші халықаралық экономикалық ынтымақтастық ұйымдарының халықаралық экономистерінің функцияларын орындауға қабілетті жоғары білікті маман даярлау. 7М
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Заманауи ғылыми жетістіктерді сыни талдауға және бағалауға, ғылыми-зерттеу және практикалық тапсырмаларды шешуде жаңа идеяларды қалыптастыруға , жоғары білікті ғылыми-педагогикалық, басқарушылық, сараптамалық-талдамалық кадрларды; халықаралық қатынастар саласындағы білімдерін пайдалана отырып, ішкі және халықаралық еңбек нарығының және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес докторанттардың кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру арқылы докторанттардың сұраныстарына сәйкес және осы саладағы стандарттардың, елдің және аймақтың даму болашағының сұраныстарын ескере отырып, жоғары дәрежелі бәсекеге қабілетті мамандар дайындау.
Жалпы интеллектуалды даму деңгейі жоғары білікті ғылыми-педагогикалық мамандарды сапалы дайындау; теориялық және әдіснамалық негіздерді терең зерделеу, сондай-ақ пәнаралық білім мен технологияларды жүйелі пайдалану негізінде әлемдік экономика саласындағы инновациялық ғылыми қызметке қабілетті; Ғылыми оқиғаның жұмыс тіліндегі әртүрлі деңгейдегі дискуссияларда өздерінің түпнұсқа ғылыми жетістіктерін ақылға қонымды түрде ұсына алады; білімге негізделген қоғамды құру мүддесінде технологиялық, әлеуметтік немесе мәдени дамуды дамыту
Отандық және халықаралық еңбек нарығының және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес тиімді ғылыми-зерттеу, педагогикалық және әкімшілік-басқару қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, инновациялық қызметке қабілетті, кәсіби білімге, дағдыға, құзыретке ие жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлау .
мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының және түрлі бизнес қызметіндегі халықаралық құқық мәселелерін зерттеуде ғылыми әдістерді қолдануға, қазіргі заманғы халықаралық құқық саласындағы іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау. Осы бағдарламаның түлектері халықаралық құқықтың жүзеге асырылу мәселелері бойынша сараптамалық консультациялық, аналитикалық, басқарушылық іс-шараларды жүргізе алады; халықаралық ғылыми ғылымның негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын түсіндіріп, жаңа тұжырымдамалық білім қалыптастыра алады, халықаралық құқықтық ғылымды дамыта алады; ғылыми қызметінің маңыздылығын айқындауға, зерттеу нәтижелерін ақылға қонымды түрде ұсынуға, халықаралық құқықтың, соның ішінде шет тіліндегі мәселелердің талқылануын қамтамасыз етуге қабілетті болады.
Әлемдік экономика мен халықаралық экономикалық қатынастардың қазіргі проблемалары саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу дағдылары бар, экономикалық ғылым әдіснамасын және IT-технологиялар негізінде экономикалық ақпаратты өңдеудің инновациялық әдістерін меңгерген, оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық стратегияларын меңгерген, білімге негізделген қоғам қалыптастыру мүддесінде экономикалық және әлеуметтік дамуға жәрдемдесуге қабілетті білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
Білім беру бағдарламалары
Апсаттарова Гулзада Абдусагатовна: +7 (707) 429-19-85
Мухаметжан Ақбота Ерлікқызы +7 (778) 664-92-29