Халықаралық қатынастар факультеті
Халықаралық қатынастар факультеті 1995 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы негізінде, университеттің ғылыми кеңесінің 28 сәуірдегі №88 бұйрығымен құрылған. Факультет өзінің өмір сүру кезеңінде ұзақ және бай қалыптасу мен даму жолынан өтті. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасына халықаралық қатынастар, халықаралық құқық және әлемдік экономика салаларында білікті мамандарды дайындау қажеттілігі туды. Республикамыздың әлемдік қауымдастыққа енуі халықаралық мамандарды дайындау қажеттілігін өзекті мәселеге айналдырды. Халықаралық қатынастар мамандығын ашу туралы ой туғанда, бұл ойды үкімет те, қоғам да жан-жақты қолдады.

Факультет
Қазiргi таңда факультет ірi ғылыми-бiлiм беру орталығы болып табылады, ол барлық үш оқыту сатысы бойынша жоғары бiлiктi халықаралық мамандарды даярлауға айтарлықтай үлес қосады: бакалавриат - магистратура - PhD докторантура. Факультеттiң барлық мамандықтары жетекші әлемдiк аккредиттеу агенттiктерiмен аккредиттелген. QS Subject әлемдік рейтингiнде факультет мамандықтары жоғары орындарға ие: «Халықаралық қатынастар», «Аймақтану» «Халықаралық құқық», «Әлемдік экономика», «Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма ісі».
Заманауи білім беру технологияларын сәттi қолдана отырып, факультет халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат, халықаралық құқық және әлемдік экономика саласындағы жетекші кадрлар ұстаханасы болып саналады. Факультет түлектерi Республиканың мемлекеттiк органдарында, бизнес саласында, халықаралық ұйымдарда табысты еңбек етуде.
Факультеттiң ғылыми-педагогикалық қызметi республикада жане одан тыс жерлерде лайықты мойындалады және құрметке ие. Осы жылдар iшiнде факультет алыс және жақын шетелдердің жетекші университеттерімен тұрақты серiктестiк қатынастар орнатты. Халықаралық ынтымақтастык студенттер мен оқытушылардың белсенді халықаралық ұтқырлығын дамытуға ықпал етеді.
Түлектердің негізгі қызмет салалары:
- Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі;
- Дипломатиялық өкілдіктержәне консулдық мекемелер;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік пен басқару органдарының, министрліктер мен ведомстовлардың сыртқы байланыстар жөніндегі департаменттері;
- Құқық қорғау органдары: прокуратура, ішкі істер органдары, сот, адвокатура, нотариат
- Ұлттық қауіпсіздік органдары;
- Халықаралық үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар
- Халықаралық құқық бакалаврының кәсіби мақсатта пайдалануын қамтамасыз ететін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, сонымен қатар басқа ұйымдар;
- түрлі салалар, меншік түрлері ұйымдарының экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және аналитикалық қызметтері;
- мемлекеттік мекемелерде, аударма бюроларында және агенттіктерде жазбаша аудармашы.
Факультет БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді басшылыққа алады:
10 - Теңсіздікті қысқарту. Елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті қысқарту.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Білім беру бағдарламалары
Апсаттарова Гулзада Абдусагатовна: +7 (707) 429-19-85
Мухаметжан Ақбота Ерлікқызы +7 (778) 664-92-29