ТДМ-11. «Ұлттық киім – ұлт айнасы»
2025 жылдың қараша айының 10-14 - жұлдызында ТДМ-11 аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты челленджін қолдау мақсатында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы «Қазақ жастары – ұлттық киіммен ұлттық театрда!» атты шара ұйымдастырып ұлттық киімнің мәні мен маңызын дәріптеу мақсатында тыңдаушылармен бірге ұлттық театрға барды. Студенттер «Сыған серенадасы» қойылымын тамашалап, вальс королі Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен өнер жолымен танысты.
Шараның мақсатты - ТДМ-11 бағыты аясында «Ұлттық киім – ұлт айнасы» челленджін қолдау, тыңдаушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, ұлттық киімнің мәні мен маңызын дәріптеу, жастарды мәдени мұрамен жақын таныстыру, өнер арқылы ұлттық рухты дамыту. Сондай-ақ қойылым арқылы жастар ұлттық мәдениетке, қазақ музыкасының асыл мұрасына деген сүйіспеншіліктерін арттырды.
Ұлттық құндылықтарымызды бірге қастерлейік!
Басқа жаңалықтар