ТДМ 11. «Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі!»
Табиғаттың әр маусымы өзіндік сұлулығымен ерекшеленетіні белгілі. Ал алтын күздің қоңыр самалы мен сары түске боялған табиғаты ерекше жылылық пен шабыт сыйлайды. Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТДМ-11 аясында ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының «Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі!» атты шара ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорт мамандығын таңдаған шығармашылық топтың тыңдаушылары Медеу сауықтыру кешенінде әсерлі спорттық шара өткізді. Тыңдаушылар 800 сатылы Медеу баспалдақтарымен жүгіріп шығып, қол күрестен сайысып, атқа мініп, түрлі спорттық жаттығулар жасады. Бұл белсенділік олардың бойында табандылық пен сергектікті арттырып қана қоймай, ұйымшылдық пен достық рухын нығайтты.
Іс-шараның басты мақсаты – болашақ дене шынықтыру мамандығына бағытталған тыңдаушылардың спорттық қабілеттерін жетілдіру, шетелден келген жастардың жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау және бос уақытты тиімді өткізуге баулу. Күн шуағына толы бұл әсерлі күн тыңдаушылардың көңілін көтеріп, жаңа серпін мен ұмытылмас эмоциялар сыйлады!

Басқа жаңалықтар