Отандық киноFarabi University

Отандық кино

13 қараша, 2025

Шетелден келген тыңдаушыларды қоғамға бейімдеу сабақтан тыс уақытта әсем қаламыздың көрікті жерлерін аралап, мәдени орталар театр, кинотеатр сынды жерлерге жиі барып тұру қоғамға тез үйренісіуіне ықпалы мол.

Ұрпақ өз жадына тарих арқылы, әдебиет арқылы үңіледі. Қазақ киносы-қазақ тарихы. Өшпес із қалдырар мәдени мұра. Ертенгі күнге бүгіннен естелік. Тарихи санамызды оятатын салмақты да сапалы өнімдер ұлт келе­ше­гінің жарқын кепілі. Осы орйда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ТДМ 11 аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ тыңдаушылары көптің көңілінен орын алған «Болған оқиға» атты Отандық кино туындысын тамашалап қайтты.

Шараның мақсатты: Ортаға бейімдеу,  достық қарым-қатынасты нығайту, топтық және ұжымдық жұмысқа тәрбиелеу.