«Театр саяхаты: студенттердің “Ұлпан” спектаклі жөніндегі әсерлері»Farabi University

«Театр саяхаты: студенттердің “Ұлпан” спектаклі жөніндегі әсерлері»

14 қараша, 2025

2025 жылдың 14 қарашасында механика-математика факультетінің студенттері орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы   Рысбаева А.Б. жетекшілігімен Ғ. Мүсрепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар және жасөспірімдер академиялық театрында «Ұлпан» спектаклін тамашалады. Іс-шара студенттердің мәдени көзқарасын кеңейтуге, көркемдік және эстетикалық талғамын қалыптастыруға, сондай-ақ театр өнері мен қазіргі қойылымдардың шығармашылық жетістіктеріне құрметпен қарауға бағытталған.

Спектакльге бару студенттерде үлкен қызығушылық тудырды: олар талқылауға белсенді қатысты, әсерлерімен бөлісті, қойылымның көркемдік және тақырыптық ерекшеліктерін талдады. Мұндай іс-шара эстетикалық қабылдауды, мәдени көзқарасты кеңейтуді және өз пікірін дәлелді түрде білдіру дағдыларын дамытуға ықпал етті.