16.10.2025 жылы сағат 11.00-де 210 аудиторияда орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының докторы Ж.Х. Салханова және Ю.К. Аманбаева ТДМ 17 – «Тұрақты даму үшін серіктестік» тақырыбында пікірталас өткізді. Іс-шара дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылып, оған «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты. Студенттер Акімова Ақжан, Бақытжанқызы Керемет, Асқарова Асылзат және басқалар еліміздің басқа мемлекеттермен халықаралық байланыстары туралы әңгімеледі. Баяндамалар мен презентациялар Қазақстан Республикасының саясат, экономика және мәдениет салаларындағы әріптес елдеріне арналды. Студенттер Әбикен Муқалы, Бекмұратов Меирхан Қытай, Үндістан, АҚШ елдерімен достық қарым-қатынастар туралы айтты. Студенттер Бақыт Диана, Абдраман Аяужан, Боранбаева Айшабібі достық пен келісімге шақырған философтар, саясаткерлер, мәдениет қайраткерлері туралы материалдар дайындады. Викториналар мен слайдтар әзірленді. Қорытындылай келе, студенттер Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.Қ. Тоқаев еліміздің халықаралық байланыстары тұрақты даму мақсатында нығайып келе жатқанын айтты.
Ұйымдастырушылар: Ж.Х. Салханова, Ю.К. Аманбаева
Басқа жаңалықтар