12.11.25ж. Өндірістік менеджмент пәні аясында «Нарықтық экономика жағдайында баға құру» тақырыбында 3-курс «Менеджмент К1» тобының қатысуымен ашық сабақ өттіFarabi University

12.11.25ж. Өндірістік менеджмент пәні аясында «Нарықтық экономика жағдайында баға құру» тақырыбында 3-курс «Менеджмент К1» тобының қатысуымен ашық сабақ өтті

19 қараша, 2025

12.11.25ж. Өндірістік менеджмент пәні аясында «Нарықтық экономика жағдайында баға құру» тақырыбында 3-курс «Менеджмент К1» тобының қатысуымен ашық сабақ өтті. Сабақ барысында студенттер нарықтық баға саясатының негізгі қағидаттарын, баға қалыптастырудың факторларын және кәсіпорынның табыстылығына бағаның әсерін талқылады.Практикалық бөлімде топтар өз бизнес мысалдары арқылы баға стратегияларын ұсынды және нарықтық жағдайға сай шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті. Осындай белсенді әрі мазмұнды сабақтар студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастырып, болашақ менеджер ретінде кәсіби көзқарасын қалыптастырады. 

Ұйымдастырушы оқытушы:Тасжарганов С.И
Қатысқандар: академиялық комитет мүшелері Баимбетова А.А., Нурсеитова Г.Б., кафедра меңгерушісі Смагулова Г.С. және 3 курс Менеджмент К1.