- Басты бет
- Жаңалықтар
- Құқық қорғау органдары өкілдерімен ақпараттық-білім беру кездесуі ТДМ № 16 аясында өтті.
Құқық қорғау органдары өкілдерімен ақпараттық-білім беру кездесуі ТДМ № 16 аясында өтті.
Тұрақты даму мақсаттарының «16 - Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Бизнес-технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 19 қарашасында ақпараттық-білім беру негізінде кездесу өтті. Кездесу аясында екі маңызды іс-шаралар өткізілді, ол Алматы қаласы Полиция департаментінің киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының уәкілетті қызметкері, полиция лейтенанты Айбатыр Пазыл «Цифрлық ортадағы алаяқтық: киберқылмыстың құрбаны болмау жолдары» тақырыбында және Алматы қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға уәкілетті қызметкері, полиция подполковнигі Даурен Асқарұлы Көбеев «Студенттер арасында есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары» тақырыбында дәрістер жүргізіп, студенттер тарапынан қойылғансұрақтар талқыланды.
Басқа жаңалықтар