- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жасанды интеллект құралдарымен өткізілген интерактивті физика сабағы: ҚазҰУ доценті мектеп оқушыларымен кездесті
Жасанды интеллект құралдарымен өткізілген интерактивті физика сабағы: ҚазҰУ доценті мектеп оқушыларымен кездесті
2025 жылдың 18 қарашасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жылуфизика және техникалық физика кафедрасының доценті А.А. Куйкабаева Алатау ауданындағы мектепте 8-сынып оқушыларымен интерактивті сабақ өткізді. Сабақ топтық сайыс формасында ұйымдастырылып, оқушылар «PhysBattle» атты білім сайысына қатысты. Олар есептер шығарып, тәжірибелер көрсетіп, физикалық құбылыстардың күнделікті өмірдегі маңызы туралы пікір алмасты.
Сабақтың ерекше тұсы – жасанды интеллекттің қолданылуы. Оқушылар тәжірибелердің физикалық мәнін талдауда заманауи ЖИ платформаларын пайдаланды. Сонымен қатар виртуалды көмекші Алиса тапсырмаларды орындау барысында бағыт беріп, оқушылардың ой тұжырымдауына көмектесті.
Доцент Куйкабаева ғылымды практикамен және цифрлық технологиялармен ұштастырудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай сабақтар оқушылардың физикаға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, аналитикалық ойлауын дамытып, ЖИ құралдарын тиімді қолдануға үйретеді.
Бұл іс-шара жас ұрпақтың білімін арттыруға бағытталған ТДМ 4 «Сапалы білім» және инновацияны қолдайтын ТДМ 9 «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» мақсаттарымен толық үндеседі.
Басқа жаңалықтар