Магистратура – кәсіби өсудің жолы
Қазіргі таңда магистратурада білім алу жас мамандардың кәсіби дамуы мен болашақ мансабында маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта жылуфизика және техникалық физика кафедрасында 4-курс студенттерімен «Магистратура – кәсіби өсудің жолы» тақырыбында әңгіме өткізілді.
Кездесу барысында оқытушылар магистратурада оқудың артықшылықтары, ғылыми ізденіс мүмкіндіктері және жұмысқа орналасу перспективалары туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Студенттер белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар, іс-шараның Тұрақты даму мақсаттарымен байланысы атап өтілді. Тақырып ТДМ 4 «Сапалы білім» мақсатына сай келеді, өйткені ол студенттердің білімін жалғастыру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ал кәсіби даму мен ғылыми ізденістерге басымдық беру ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» мақсатына сәйкес келеді және жоғары білікті мамандарды даярлауға ықпал етеді.
Әңгімелесуді кафедра оқытушылары: Таженова Маржан Сұлтанқызы, Максутханова Ардак Мақсұтханқызы және Зульбухарова Эльмира Мұқанқызы жүргізді.
Басқа жаңалықтар