- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2025 жылдың 17 қараша күні Халықаралық студенттер күніне орай «Ойшылдар алаңы» ғылыми-зияткерлік іс-шарасы өтті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2025 жылдың 17 қараша күні Халықаралық студенттер күніне орай «Ойшылдар алаңы» ғылыми-зияткерлік іс-шарасы өтті.
Ұлттық музейдің мәдени-білім беру ошағы ретінде өскелең ұрпақты тарих, мәдениет және ұлттық құндылықтармен сусындату мақсатында ұйымдастырған бұл шара жас буынның ой-танымын кеңейтіп, ғылым мен білімді насихаттауға үлес қосты. Сонымен қатар іс-шара музей мен қаламыздағы жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсті. Шара барысында студенттер тарих, мәдениет, этнография және археология салаларындағы білімдерін сынады.
Іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері қатысты. Бас жүлдені әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультетінің 1 курс, 6B02213 – «Музеология және тарихи-мәдени туризм» білім беру бағдарламасының студенттері иеленді.
Сондай-ақ «Жас талант», «Үздік ерікті», «Белсенді студент» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды.
Басқа жаңалықтар