- Басты бет
- Жаңалықтар
- Академик Н.М. Темірбеков Сібір бөлімшесі РҒА-ның Құрметті докторы атағына ие болды
Академик Н.М. Темірбеков Сібір бөлімшесі РҒА-ның Құрметті докторы атағына ие болды
2025 жылдың 18 қарашасында ҚР ҰҒА академигі Н.М. Темірбеков Ресей Білім және ғылым министрлігінің Ақпараттық және есептеуіш технологиялар федералдық зерттеу орталығында (Новосибирск) «Жасанды интеллект пен Жерді қашықтан зондтау әдістерін қолдана отырып, "Minerals.gov.kz" жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы деректерін талдау негізінде кенге перспективалы аумақтарды бөлудің болжамды-іздестіру технологияларын әзірлеу» тақырыбында баяндама жасады.
Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Нанотехнология және ақпараттық технология жөніндегі біріккен ғылыми кеңесінің отырысында Нұрлан Мұқанұлының кандидатурасы Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Құрметті докторы атағына ұсынылып, РҒА СБ Жалпы жиналысында бекітілді.
Механика-математика факультетінің ұжымы профессор Темірбеков Нұрлан Мұқанұлын шын жүректен құттықтайды және оған алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейді.

Кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және
халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, А.О. Бекетаева
Басқа жаңалықтар