- Басты бет
- Жаңалықтар
- XIII Халықаралық кітап және полиграфия көрмесі: білім, технология және баспа саласының жаңа беталыстары
XIII Халықаралық кітап және полиграфия көрмесі: білім, технология және баспа саласының жаңа беталыстары
2025 жылдың 19-20 қарашасы аралығында өткен «Ұлы Жібек жолымен» XIII Халықаралық кітап және полиграфия көрмесі биыл да баспа өндірісі мен полиграфия саласындағы негізгі үрдістерді, жаңа технологияларды және түрлі білім беру мекемелерінің белсенділігін айқын көрсетті. Көрме павильонына келушілер алдымен тіркелу аймағынан өтті: мектеп, колледж және университет өкілдеріне бөлек қызмет көрсету жүйесі ұйымдастырылды. Білім басқармасының бұйрығымен оқушылардың көптеп келуі шараның ауқымын кеңейтіп, көрменің білім беру бағытындағы маңызын арттырды.
Көрме аясында 21 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұстазадары бірқатар ашық дәрістер өткізіп, баспа ісіндегі өзекті мәселелер мен жаңа мүмкіндіктер талқыланды.
Дәрістер легін Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі Айгүл Әмірғалиқызы ашты. Ол кафедра оқытушылары мен профессорларының жұмыс бағытын таныстырып, олардың баспа саласына қосып келе жатқан үлесін атап өтті. Сонымен бірге кафедрада соңғы жылдары студенттер санының айтарлықтай өскенін – 2019 жылмен салыстырғанда контингенттің 50-ден асқанын жеткізді. Бұл көрсеткіш баспа ісіне қызығушылықтың артып келе жатқанын білдіреді.
Келесі болып сөз алған профессор Қоңыр Мұқатайқызы өзінің қырық жылдық тәжірибесімен бөлісті. Ол кітап мәдениетіне байланысты зерттеулердің уақытты тиімді ұйымдастыруды талап ететінін айтты. Баяндама барысында кітаптарда жиі кездесетін стандарт бұзушылықтар туралы әңгімелеп, аннотация жазудың екі мемлекеттік стандарты бар екенін түсіндірді. Бұл ережелерді меңгеру – кәсіби редакторлар мен баспа мамандары үшін міндетті талап екенін атап өтті.
Доцент Қарлыға Мысаева баспа ісіндегі цифрлық платформалар мен электронды өнімдердің рөлін атап, оларды дұрыс меңгерудің маңызына тоқталды. Ол баспа саласын дамыту үшін оқытушылар мен студенттер бірлесе жүзеге асыратын ортақ жобалардың қажет екенін айтты. Сонымен бірге болашақта баспа индустриясының жалпы ахуалына арналған кең талқылау ұйымдастыруды ұсынды.
Суретші, аға оқытушы Серікбай Бейсенбек қазіргі цифрлық дәуірде дизайнердің кәсіби қабілеті тек көркемдікпен шектелмейтінін, ол сонымен бірге ақпаратты құрастырушы әрі қолданушы ретінде де әрекет ете алуы тиіс екенін жеткізді. Ол дизайнер мамандығының креативтілік пен жан-жақты білімді талап ететінін атап өтті.
Журналист Қарагөз Сімәділ жасанды интеллектті қолдану бүгінде жалпылама сипат алғанын және оны айналып өткізу мүмкін еместігін нақты деректермен көрсетті.
Ол өз сөзінде бірнеше халықаралық мысалды атады.
Қарагөз Сімәділ ЖИ-ден қорқу емес, оны дұрыс пайдалану маңызды екенін ерекше атап өтті.
Дәрістер аяқталған соң кафедра меңгерушісі Айгүл Әмірғалиқызы Ұлттық Кітап палатасының директоры Әділ Қойтановқа алғыс білдірді. Әділ Қойтанов өз кезегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін көрмедегі белсенділігі үшін марапаттады.
Көрмеге қатысушылар іс-шараны естелік суретке түсумен аяқтады.
Дариға ДОСАН
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Баспагерлік-редакторлық және
дизайнерлік өнер кафедрасының
3-курс студенті
Басқа жаңалықтар