- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Global Dialogue on Good Health and Well-Being» атты халықаралық студенттік дөңгелек үстел
«Global Dialogue on Good Health and Well-Being» атты халықаралық студенттік дөңгелек үстел
22 қараша, 2025 жылы, сағат 10:00-12:35, Филология факультетінің Шетел тілдері кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Global Dialogue on Good Health and Well-Being» атты халықаралық студенттік дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді. Іс-шара онлайн форматта, ағылшын тілінде, ТДМ 3 мақсатын жүзеге асыру мақсатында Шет тілдер кафедрасының бекітілген жылдық ТДМ іс-шара жоспарына сәйкес өтті. Дөңгелек үстелдің қатысушылары Қазақстан, Өзбекстан және АҚШ университеттерінің студенттері. Атап айтқанда, Аль-Фараби Университеті, Yessenov University, Нукус педагогикалық шет тілдер институты, Қарақалпақстан Ұлттық Университеті, АҚШ-тың ЮТА штатының Salt Lake City қаласындағы University of Utah және Texas College of Communication студенттерінің қатысуымен өтті. Қатысушылар қазіргі заманның ең өзекті тақырыптардың бірі – Тұрақты даму мақсаты 3-ші аясында, Салауатты өмірді қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатын арттыру мәселесін талқылады. Бұл мақсат денсаулық сақтау саласындағы жаһандық проблемалардың кең ауқымын талқылауға және шешуге арналған кешенді күн тәртібін қамтыды.
Ұйымдастырушылар: Г.А. Койтасова, М.Б. Тлеулинова, Л.М. Алиярова
https://drive.google.com/file/d/17MhLkuAeQEioUR17CwM3GRVMTodcKkgu/view?usp=sharing
Басқа жаңалықтар