ТДМ 3: Салауатты өмір салты және әл-ауқатFarabi University

ТДМ 3: Салауатты өмір салты және әл-ауқат

14 қараша, 2025

2025 жылдың 14 қарашасында биология факультетінде аға оқытушы Базарбаева А.С. жетекшілігімен ТДМ 3 «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға 1-курс, 11-топ студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелде студенттердің келесі баяндамалары ұсынылды: «Салауатты өмір салтын сақтау», «Жол қауіпсіздігі», «Зиянды заттардың әсері».

Тақырыпқа сай дайындалған презентациялар мәселені толықтай түсінуге мүмкіндік берді. Әр қатысушының баяндамасынан кейін студенттер ұсынылған тақырыптар бойынша интеллект-карта жасауды ұсынды. Топ шағын топтарға бөлініп, әр топтың менталдық карталары үлкен қызығушылықпен талқыланды.

Іс-шара соңында студенттер презентация материалдары негізінде викторина ұйымдастырды, бұл олардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Аталған дөңгелек үстел студенттерге денсаулық мәселелерін, жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігін және зиянды заттардың қауіптілігін анағұрлым нақты әрі жан-жақты түсінуге мүмкіндік берді.