17 қараша – Халықаралық студенттер күніне арналған құттықтау іс-шарасыFarabi University

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне арналған құттықтау іс-шарасы

17 қараша, 2025

 

17 қараша күні Халықаралық студенттер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны "Менеджмент" кафедраның оқытушысы Боранбай Асел Асылбекқызы жүргізіп, студенттерге арналған жылы лебізін білдірді. Бағдарлама барысында студенттер өз өнерлерін көрсетіп, түрлі қызықты ойындарға қатысып, белсенділік танытты. Мерекелік шара жастардың шығармашылығын қолдауға, бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатуға және кампуста жағымды атмосфера қалыптастыруға бағытталды. Шара соңында белсенді қатысқан студенттерге алғыс білдіріліп, мерекелік көңіл күй сыйланды.