- Басты бет
- Жаңалықтар
- ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АҚЫН, САЗГЕР АСХАТ СҮЙІНДІКТІҢ «ЖҮРЕКТЕ БІР САҒЫНЫШ БҰЛҚЫНАДЫ» АТТЫ ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ КЕШІ ӨТТІ.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АҚЫН, САЗГЕР АСХАТ СҮЙІНДІКТІҢ «ЖҮРЕКТЕ БІР САҒЫНЫШ БҰЛҚЫНАДЫ» АТТЫ ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ КЕШІ ӨТТІ.
18 қараша 2025 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ө.А. Жолдасбеков атындағыстуденттер сарайында «Жүректе бір сағыныш бұлқынады» атты әдеби-танымдық музыкалық кеш өтті. Іс- шараны Механика-математика факультеті мен Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті, сондай-ақ Қасым Аманжолов атындағы әдеби-шығармашылық бірлестік бірлесіп ұйымдастырды.
Әдеби кештің басты қонағы — ақын, әуесқой сазгер, танымал әндердің авторы Асхат Сүйіндік және әнші, сазгер Еркін Тоқсейтов, дәстүрлі ән орындаушы, Жасұлан Қоңыров, ақын, PhD докторы Ержан Жұмабекұлы және шараның модераторы — Механика-математика факультетінің аға-оқытушысы Болат Абенов қатысты.
Әдеби танымдық кеш- көркем сөздің қадірін, құдіретін терңірек түсінуге адамның ішкі мәдинетін қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Мұндай іс- шаралар жастардың кітапха, оқуға деген қызығушылығын оятып, олардың шығармашылық қабілетін дамытатыны анық.
Кеш барысында Асхат Сүйіндіктің жүрекке жақын өлеңдері оқылып, қонақтар өз шығармашылық жолы мен өнерге деген көзқарастарымен бөлісті. Жиналған жастар қоңыр әуен мен поэзияның үйлесімін тыңдап, қазақ сөз өнерінің тереңдігіне тағы бір бойлады.
Студенттер қонақтарға сұрақтар қойып, шығармашылық процеске қатысты ойларымен бөлісіп, рухани тұрғыдан мол әсер алды.Кеш соңында Асхат Сүйіндік студенттерге кітаптарын арнайы тілегімен табыс етті
Ақын, сазгер Асхат Сүйіндік студенттерге жылы лебіз тілегін білдіріп, батасын берді. Шара соңында жастарға өзінің кітаптарын сыйға тартты.
Басқа жаңалықтар