Big Data және Киберқауіпсіздік шарасы өттіFarabi University

Big Data және Киберқауіпсіздік шарасы өтті

12 қараша, 2025

Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде «Big Data және Киберқауіпсіздік» тақырыбына арналған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның арнайы қонағы – Evrika деректер базасының жетекші аналитигі Мақсат Камал. Спикер студенттерге Big Data мен жасанды интеллекттің бизнес-процестерді оңтайландырудағы рөлі жөнінде терең, практикалық ақпарат ұсынылды.

Кездесу барысында Мақсат Камал миллиондаған сатып алу әрекеттерін жылдам және дәл талдауға мүмкіндік беретін AI және Big Data технологияларының жұмыс принциптерін жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ ол нақты тәжірибелік кейстерді ұсына отырып, клиент деректеріне кибершабуылдардан қорғаудың заманауи әдістерін,  ерте анықтау құралдарын және ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Қатысушылар спикерге өз сұрақтарын қойып, сала маманынан құнды кеңестер алды. Шара соңында белсенді студенттерге арнайы сыйлықтар табысталып, іс-шара жылы атмосферада аяқталды.

Бұл кездесу студенттердің цифрлық құзыреттерін арттыруға, заманауи технологиялармен жақыннан танысуына және еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды дамытуына бағытталды.