Күнделікті өмірде тәрбие мен әдеп нормаларын сақтау
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Ә.Ж.Байелі «Шетел филологиясы» мамандығының 4-курс студенттері тобының студенттері үшін «Күнделікті өмірде тәрбие мен әдеп нормаларын сақтау» тақырыбында ашық кураторлық сабақ ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге күнделікті өмірдегі тәрбие мен әдеп нормаларының маңызын түсіндіру, мәдениетті қарым-қатынасқа баулу, адамгершілік құндылықтарды дамыту болды.
Сабақ барысында студенттерге әдеп нормаларының түрлері, қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениеті, отбасындағы және оқу орнындағы тәрбие ерекшеліктері туралы мазмұнды ақпарат ұсынылды. Топтық жұмыс арқылы студенттер өз ойларын постер түрінде дайындап, ортаға салып қорғады. Сонымен қатар «Қазіргі жастардың әдеп мәдениеті», «Тәрбиенің тұлға қалыптастырудағы рөлі» атты сұрақтар төңірегінде пікірталас өтті.
Шараға қатысушылар тәрбие мен әдептің адам өміріндегі, қоғамды қалыптастырудағы орны ерекше екенін атап өтті. Сабақ студенттердің белсенділігімен, қызығушылығымен және мазмұндылығымен ерекшеленді.
Ашық сабақ қорытындысында куратор жастардың күнделікті өмірде мәдениеттілік пен әдептілікті сақтауы олардың жеке жауапкершілігін арттырып, болашақ маман ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін айтты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
филология факультеті, шетел филологиясы және аударма ісі
кафедрасының аға оқытушысы Ә.Ж.Байелі
Басқа жаңалықтар