«Заң мен тәртіп: жастарды радикалдық идеологиядан қорғау» тақырыбында мазмұнды дәрісFarabi University

«Заң мен тәртіп: жастарды радикалдық идеологиядан қорғау» тақырыбында мазмұнды дәріс

25 қараша, 2025

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде 1–2 курс студенттеріне арналған кездесу өтті. Бұл университеттің Тұрақты даму бағдарламасының аясында өткізілген шара болды. Шара барысында ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Ақтолқын Айтханқызы Амреева «Заң мен тәртіп: жастарды радикалдық идеологиядан қорғау» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды.

Студенттер еліміздегі құқықтық нормалар, діни ахуал, экстремизмнің алдын алу тетіктері туралы маңызды ақпарат алып, өзекті сұрақтарына кәсіби жауаптар мен бағыт-бағдар алды. Дәріс жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған тағылымы мол кездесу болды.

Іс-шараны ұйымдастырған А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының эдвайзерлері: Назыкен Егізбаева, Жанат Сәрсенбай, Сымбат Игілікова, Мөлдір Хамитова.