Волонтёрлық акциясы: Тұрақты даму жолындағы ынтымақтастықFarabi University

Волонтёрлық акциясы: Тұрақты даму жолындағы ынтымақтастық

14 қараша, 2025

2025 жылдың 14 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті Қалымбек Бақытжанның жетекшілігімен ТДМ 17 «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» және ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында еріктілік-оқыту шарасын өткізді. Іс-шара барысында студенттер кітаптарды қарап, талқылап, бір-бірімен білім алмасып, сондай-ақ күзгі жапырақтарды жинап, аумақты тазарту арқылы сенбілік ұйымдастырды. Сонымен қатар, олар мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін дайындап, жеткізді. Бұл шара білім беру, экологиялық және әлеуметтік бастамаларды біріктіре отырып, әріптестік пен әлеуметтік жауапкершіліктің маңызын айқын көрсетті.