21 қараша күні факультетімізде Almaty Hub өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында IT экожүйесіндегі даму мүмкіндіктері талқыланып, студенттерге стартаптар мен технология саласындағы өзекті бағыттар бойынша құнды ақпарат ұсынылды. Шараның спикері — Бексұлтан Нұрақын, білім беру және бизнес бағдарламалар офисінің директоры. Ол қатысушыларға келесі бағыттар туралы жан-жақты мәлімет берді: • тегін білім беру бағдарламалары; • инкубация және акселерация бағдарламалары; • Almaty Hub қызметі мен ұсынатын мүмкіндіктері. Кездесу IT, стартап және кәсіпкерлік саласына қызығушылық танытқан студенттер үшін ерекше пайдалы болды. Қатысушылар спикерге сұрақтарын қойып, жаңа мүмкіндіктер мен жобалар туралы ақпарат алды. Факультетіміз осындай ынтымақтастық шараларын алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлайды.
Басқа жаңалықтар