«Farabi GreenCampus: Таза университет» экологиялық жастар форумы бойынша «ЖИ және жасыл болашақ» атты видеоролик байқауы ұйымдастырылды.Farabi University

«Farabi GreenCampus: Таза университет» экологиялық жастар форумы бойынша «ЖИ және жасыл болашақ» атты видеоролик байқауы ұйымдастырылды.

24 қараша, 2025

24 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында «Farabi GreenCampus: Таза университет» экологиялық жастар форумы бойынша «ЖИ және жасыл болашақ» атты видеоролик байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты – жасанды интеллект технологиялары мен экологиялық мәдениетті ұштастыра отырып, жастардың креативті ойлауын дамыту, табиғатты қорғау мәселелеріне қоғам назарын арттыру және «жасыл» бастамаларды қолдау.

Іс-шараға факультеттің 31 білім алушысы қатысып, экология, цифрлық мәдениет, жасанды интеллект және университеттің жасыл инфрақұрылымын дамытуға арналған авторлық видеороликтерін ұсынды. Қазылар алқасы мазмұн, креативтілік, техникалық сапа және ЖИ қолдану аспектілерін ескере отырып, үздік үш жұмысты анықтады.

Жеңімпаздар төмендегідей:

·               1-орын – Прокудин Даниил және Әбдімәлік Амантай

·               2-орын – Кубирбай Бекболат

·               3-орын – Қасымхан Әмір және Турсунов Пархатжан

Ұйымдастырушылар байқауға қатысқан барлық студенттерді құттықтап, экологиялық жауапкершілік пен цифрлық сауаттылықты дамытуға бағытталған мұндай жобалардың маңыздылығын атап өтті.