Адал азамат – адал еңбек – адал табыс
Қараша айының 20-ы күні 2-курс студенттерінің қатысуымен «Адал азамат, адал еңбек, адал табыс» тақырыбында тәрбие-танымдық іс-шара өткізілді.
Студенттер адалдықтың қоғамдағы маңызын, әділ еңбек пен табысқа жетудің қағидаларын талқылады. Әрбір азамат ел болашағы үшін жауапты, қоғамға дау емес, мызғымас ынтымақ, бірлік және білім керек. Бұл құндылықтарға жастардың қосатын үлесі айқын, себебі олардың көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр, асыл қасиеттері жеткілікті.
Бұл шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-інші «Сапалы білім беру» және 16-шы «Бейбіт, әділетті қоғам құру» мақсаттарымен тығыз байланысты. Адалдық принциптері жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, әділетті және тұрақты қоғам құруға негіз болатыны атап өтілді.
Экономика кафедрасының аға оқытушысы: Табеев Т.П.
Басқа жаңалықтар