- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қиыр Шығыс кафедрасында «Жапониядағы білім және оның Қазақстанда бейімделуі» халықаралық симпозиумы өтті
Қиыр Шығыс кафедрасында «Жапониядағы білім және оның Қазақстанда бейімделуі» халықаралық симпозиумы өтті
2025 жылдың 22 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінде «Жапониядағы білім және оның Қазақстанда бейімделуі» атты халықаралық симпозиум өтті. Шараға Жапония мен Қазақстанның жетекші ғалымдары, білім беру саласының сарапшылары, педагогика саласындағы өзгерістерді енгізуші мамандар қатысты.
Симпозиумның мақсаты – Жапонияның білім беру жүйесінің ерекшеліктерін жан-жақты талдау, оның артықшылықтары мен шектеулерін айқындау және қазақстандық білім беру жүйесінде тиімді қолдануға болатын тәжірибелерді ұсыну. Іс-шара қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ғылыми пікір алмасуды кеңінен дамытуға бағытталған.
Симпозиум барысында қатысушылар Жапониядағы тәрбие моделі, білім беру философиясы, педагогикалық тәжірибені трансформациялау жолдары және жапондық мектептердің күнделікті жұмыс мәдениеті сияқты өзекті мәселелерді талқылады. Әр сессияның соңында сұрақ-жауап өткізіліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.
Іс-шара бағдарламасынан:
- Жапонияның білім жүйесі: аңыздар мен ақиқат. Неге жапон білім жүйесін дәріптеу қажет емес
Қуаныш Тастанбекова, Цукуюба Университеті, Institute of Human Sciences доценті, PhD - От наблюдения к действию: японская педагогика глазами лидеров образовательных изменений Казахстана
Алмагүл Қанағатова, «Global Nomad Education» негізін қалаушы, CEO, философия ғылымдарының докторы - Тәрбиені біліммен ұштастыру: жапон тәжірибесінің қазақстандық мектептегі қолданысы
Шынар Сауданбекова, «Mirai school – Қазақ жапон мектебі» директоры, әл-Фараби ҚазҰУ, PhD - Жапонияның білім беру жүйесі: дәстүр мен заманауилықтың үйлесімі
Динара Алпысбай, әл-Фараби ҚазҰУ, Шығыстану факультетінің магистрі
Ұйымдастырушылар
- әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыстану факультеті
Басқа жаңалықтар