"Сапалы білім"Farabi University

"Сапалы білім"

24 қараша, 2025

2025 жылдың 24 қарашасында орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы Э.Е. Хайрушева "Өнеркәсіптік электроника және басқару жүйелері" мамандығы бойынша оқитын екінші курс студенттерімен іс-шара өткізді.Іс-шара Тұрақты дамудың 4-мақсатын: "Инклюзивті және сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы білім алуды ілгерілету" бағдарламасын іске асыруға бағытталды. Іс-шараның мақсаты студенттердің ТДМ-4 қағидаттары мен мақсаттары туралы хабардарлығын арттыру болды.

Іс-шарада заманауи білім беру технологиялары туралы ақпарат және оқу процесін жаңғырту қажеттілігі туралы талқылау болды. Білім беру саласындағы жеке тәжірибесімен бөліскен К. Тілеужан ерекше қызығушылық тудырды. Студенттер ТДМ-4 және оның болашақ мамандар үшін маңыздылығы туралы жүйелі түсінік алды.