Ержүрек жасөспірімFarabi University

Ержүрек жасөспірім

21 қараша, 2025

Қытай Халық Республикасында өткен “Ержүрек жасөспірімдер” Zhanjuecheng жасөспірімдер аралас жекпе-жек чемпионатының ел бойынша іріктеу – Солтүстік-батыс аймақ кезеңіне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушысы Мұхтарият Ерболат қатысып, үздік өнер көрсетті.

Жүлдегерлер арасынан суырылып алға шыққан Мұхтарият Ерболат жарыста екінші орынды жеңіп алып, өз шеберлігін жоғары деңгейде дәлелдеді. Сонымен қатар, ол қаңтар айында өтетін финалдық кезеңге жолдама иеленіп, халықаралық аренада ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.

Бұл жетістік – жас спортшының еңбегі мен табандылығының нәтижесі және университет үшін үлкен мақтаныш.