Халықаралық қатынастар саласындағы жас мамандар 13, 16 және 17 ТДМ мақсаттар арқылы жаһандық мәселелерді зерттейдіFarabi University

Халықаралық қатынастар саласындағы жас мамандар 13, 16 және 17 ТДМ мақсаттар арқылы жаһандық мәселелерді зерттейді

27 қараша, 2025

Қараша 25, халықаралық қатынастар факультетінде «Мәдени дипломатия құралдары ретінде ғаламдық басқару тетіктері» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Іс-шараға климаттық саясат, халықаралық ынтымақтастық және мәдени дипломатия тоғысындағы өзекті мәселелерге қызығушылық танытқан студенттер, жас зерттеушілер мен оқытушылар қатысты.

«Мәдени дипломатия құралдары ретінде ғаламдық басқару тетіктері» тақырыбындағы негізгі баяндаманы 2-курс магистранттары Даяна Турарбекова мен Ақмарал Ерлан жасады. Зерттеу д-р Лейла Деловарованың ғылыми жетекшілігімен дайындалды.

Баяндамада ТДМ 13, 16 және 17 мақсаттарының климаттық әрекет, тиімді институттар және халықаралық әріптестікпен өзара байланысы көрсетілді. Спикерлер бұл мақсаттардың ғаламдық басқару тетіктері мен мәдени дипломатияда қалай көрініс табатынын атап өтті.

Баяндамашылар өз зерттеуінде бірнеше маңызды бағыттарды ашып көрсетті:

-климаттың өзгеруі — халықаралық қауымдастық үшін мәдени және дипломатиялық сын-қатер;

-халықаралық экологиялық саясатты қалыптастырудағы UNFCCC, COP, IPCC сияқты жаһандық тетіктердің рөлі;

-климаттық бастамаларды ілгерілетудегі мәдени дипломатия мен «жұмсақ күш» құралдарының маңызы;

-Еуропалық Одақ, Қытай және жергілікті халықтар дипломатиясы бойынша салыстырмалы талдау.

Баяндамадан кейін мазмұнды пікірталас өрбіді. Қатысушылар мәдени айырмашылықтардың жаһандық экологиялық шешімдерді қабылдауға әсері, климаттық дипломатия тілінің өзгеруі және мәдени дипломатияның халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы әлеуеті туралы ой бөлісті.

Семинар барысында мәдени дипломатия элементтерін ғаламдық басқару жүйесіне енгізу халықаралық шешімдердің инклюзивтілігі мен тиімділігін арттыратыны атап өтілді.

Іс-шара д-р Лейла Деловарованың және ҚазҰУ-дың БҰҰ Академиялық аймақтық ресурстық орталығы белсенділерінің қолдауымен ұйымдастырылды.