Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылымFarabi University

Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым

18 қараша, 2025

18 қараша 2025 жылы «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерімен бірге 17-ші жатақханада «ТДМ 9: Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым» тақырыбында ақпараттық-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара эдвайзер Алпысбаева Айгүл Ерболатқызының жетекшілігімен өтті.

Студенттерге орнықты индустриялық даму, инновациялық технологиялар, сапалы инфрақұрылымның қоғам өміріндегі маңызы жөнінде түсіндіру мақсат етілді. Кездесу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіліп, көптілді ортада кәсіби терминологияны меңгеруге, сондай-ақ БҰҰ-ның ТДМ 9 мақсатының мазмұнын жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді.

Іс-шара барысында студенттер индустрияландырудағы заманауи үрдістер, интеллектуалды инфрақұрылым, цифрландыру және инновациялық жобалардың әлеуметтік-экономикалық дамуға қосатын үлесі бойынша пікір алмасып, талдау жұмыстарын жүргізді.