№3 ТДМ «Салауатты өмір салты және әл-ауқат»
2025 жылдың 27 қараша күні механико-математика факультетінде «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» атты №3 тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясында орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Ә.О. Оспанның жетекшілігімен механика мамандығының 2 курс студенттері қатысуымен оқу-тәрбие жұмысына бағытталған іс-шара өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты жастардың бойына салауатты өмір салтын қалыптастыратын тұрақты әдеттерді дарыту, физикалық белсенділіктің адам өміріндегі маңыздылығы, дұрыс тамақтану мен психоэмоционалды әл-ауқат жайында ақпараттармен таныстыру.
Аталған кездесу барысында студенттер аурудың алдын алудың, уақытылы жыл сайынғы денсаулық тексерісінен өтудің қаншалықты маңызды екендігін ұғынды. Сонымен қатар жаман әдеттердің адам денсаулығына келтіретін зардабы мен заманауи жастардың өміріндегі спорттың мәні жайында талқылады. Оқытушы әр адам өз өміріне жауапты екендігін ескерте отырып, әрдайым физикалық және психологиялық формада болуды қолдауға қатысты практикалық ұсыныстарымен бөлісті.
Қорытындылай келе, осы секілді іс-шаралар өз денсаулығына аса назар аударуға және өмірлік қағидалардың орнықты қалыптасуына ықпал етеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Оспан А.О.
Басқа жаңалықтар