Стандарттау күні: Ашық сабақ кәсіби дамуға жол ашады
«Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Халықаралық стандарттау күніне орай жылуфизика және техникалық физика кафедрасының бірінші курс студенттеріне арналған танымдық ашық кураторлық сағат өткізді. Іс-шараға кафедра кураторы Тайманова Г.К. жетекшілік етті.
Сабақтың мақсаты — студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, стандарттаудың қоғамдағы маңызын көрсету және олардың кәсіби көзқарасын кеңейту. Жоғары курс студенттері оқу барысындағы тәжірибелерімен бөлісіп, стандарттардың негізгі қағидалары, сапаны қамтамасыз ету, халықаралық талаптардың рөлі және саланың заманауи даму бағыттары туралы ақпарат ұсынды.
Кураторлық сағат интерактивті форматта өтті: ойын тапсырмалары, топтық жұмыс және логикалық сұрақтар бірінші курс студенттерінің оқу материалын жақсы меңгеруіне және белсенді қатысуына ықпал етті. Іс-шара ЦУР 4 «Сапалы білім» және ЦУР 9 «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» мақсаттарын қолдап, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін нығайтты.
Ашық кураторлық сағат жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды.
Басқа жаңалықтар