Upcycling: Экосана мен шығармашылықты дамытуға арналған мастер-класс
19 қараша күні «Стандарттау және сертификаттау (салалр бойынша)» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері үшін Upcycling тақырыбында танымдық әрі шығармашылық мастер-класс ұйымдастырылды. Шараны экология саласының маманы, эко-белсенді Ботакөз Садыкбекова жүргізді. Іс-шараны ұйымдастыруға Шортанбаева Ж.К. және Тайманова Г.К. атсалысты.
Мастер-класс барысында студенттер ескі киімдерге екінші өмір сыйлау, оларды заманауи стильде қайта өңдеу және жаңаша пішім беру әдістерін меңгерді. Қатысушылар өз қолымен киімдерін түрлендіре отырып, экологиялық мәдениеттің маңызын, жауапты тұтыну қағидаларын және материалдық ресурстарды тиімді пайдалану ұғымдарын тереңірек түсінді.
Аталған шара студенттердің экобілімін арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, тұрақты даму мәдениетін қалыптастыруға нақты үлес қосты. Мастер-класс мазмұны ЦУР 12 «Жауапты тұтыну және өндіру», ЦУР 4 «Сапалы білім» және ЦУР 13 «Климаттық әрекет» мақсаттарымен үйлеседі.
Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы алдағы уақытта да студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған мазмұнды іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.
Басқа жаңалықтар