Ғылыми студенттік үйірме отырысы
Бұл отырыс инновациялар мен цифрлық технологияларды дамытуға бағытталған ТДМ 9 мақсаттарын қолдайды.
Есенгелдиева Г.Т. және Жоламанов Е.М. жетекшілігімен өткен ғылыми студенттік үйірме кездесуінде қатысушылар жасанды интеллект туралы заңның қабылдануы және оның цифрлық экономикаға әсері жөнінде талқылады.
“Цифрлық экономика” мамандығының 4-курс студенті Нурмахамбетова Аяжан заңның негізгі ережелері, ІИ-ді реттеу қағидаттары және оның бизнес пен қоғамға ықтимал әсері туралы баяндама жасады.
Отырысқа “Цифрлық экономика” мамандығының студенттері қатысты. Қатысушылар заңның практикалық қолданылуын, оның артықшылықтары мен шектеулерін, сондай-ақ нормативтік базаның технологиялар мен инновациялардың дамуына ықпалын белсенді түрде талқылады.
Жасанды интеллект туралы заң қауіпсіз және ашық цифрлық орта қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, технологиялардың дамуына және нарық қатысушыларының құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.