Кәсіптік бағдар беру жұмысының нәтижелеріFarabi University

Кәсіптік бағдар беру жұмысының нәтижелері

19 қараша, 2025

Тарихи факультеттің 3-курс студенттері Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 17-ші мақсаты – «Тұрақты даму жолындағы жаһандық серіктестікті жандандыру және оны жүзеге асыру құралдарын нығайту» аясында 138-ші мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді. Бұл іс-шара білім беру ұйымдары мен университет арасындағы серіктестіктің жарқын үлгісі болды.

Іс-шараға университет тарапынан деканның ғылыми инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Суйнова Айнұр және т.ғ.к., доцент Кунапина Қайыркен қатысты. Олардың қатысуы студенттердің бастамасының маңыздылығын және оның білім беру жүйесіндегі ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін көрсетті.

ЦУР 17 бағытындағы мұндай бірлескен жобалар білім, тәжірибе және ресурстар алмасуға ықпал етеді, бұл өз кезегінде жас ұрпақтың саналы таңдау жасауына және қоғамның тұрақты дамуына үлес қосуына мүмкіндік береді.