Шығыстанудан көшбасшылыққа: «VCA» ЖШС директоры Шамшидинова Дина Мұратқызының студенттермен кездесуіFarabi University

Шығыстанудан көшбасшылыққа: «VCA» ЖШС директоры Шамшидинова Дина Мұратқызының студенттермен кездесуі

28 қараша, 2025

2025 жылдың 28 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің студенттері мен Қиыр Шығыс кафедрасының алғашқы түлектерінің бірі «VCA» ЖШС директоры  Шамшидинова Дина Мұратқызымен кездесуі өтті. «VCA» компаниясы 20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан және ТМД елдерінің нарығына корей тағамдарын жеткізіп келеді. Кездесуге Түркіменстан, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Түркия және басқа да бірқатар елдерден келген шетелдік студенттер қатысты.

Кездесу барысында Дина Мұратқызы  «Корей мәдениеті мен дорамаларының қазақстандықтардың ас мәзіріне көзқарасын қалыптастырудаға ролі» тақырыбында дәріс оқыды.

Ол корей мәдениетінің танымалдылығы тұтынушылардың тағамдық талғамына қалай әсер ететінін, қандай өнім санаттары көбірек сұранысқа ие болып жатқанын және БАҚ әсерінен нарықтың қалай өзгеретінін баяндап берді.

Сонымен қатар компанияның даму тәжірибесіне де тоқталды. Компания 20 жыл ішінде нарықтағы жетекші компанияларына айналып, Қазақстанда корей гастрономиялық мәдениетін дамытуға өз үлесін қосты. Шамшидинова Д.М. студенттермен өзінің жеке кәсіби тәжірибесімен, импорт секторындағы бизнесті жүргізу ерекшеліктерімен, мәдениетаралық коммуникацияның маңыздылығымен бөлісті.

Дәрістен кейін студенттер танымал корей тағамдары мен өнімдерінен дәм татып, корей тағамдарының ассортиментімен танысты.

Іс-шара студенттерге корей өнімдерінен тұратын 150 сыйлық бокстарын  ұсынумен аяқталды.

Шығыстану факультеті Дина Мұратқызына мазмұнды дәрісі мен шабыттандыратын кездесуі үшін алғысын білдіріп, студенттердің кәсіби өсуі жетілуін серпін беретін ынтымақтастықты жалғастыруға үміттенеді.