- Басты бет
- Асханалар желісі
- ТДМ №4:Қараша айында студенттерге бір реттік тегін тамақтану талондары таратылды
ТДМ №4:Қараша айында студенттерге бір реттік тегін тамақтану талондары таратылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2025–2026 оқу жылына арналған әлеуметтік қолдау шаралары аясында студенттерге көрсетілетін көмек жүйелі түрде жалғасуда. Қараша айында әлеуметтік аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ үлгерімі жоғары және қоғамдық өмірге белсенді қатысатын студенттерге 60 тегін тамақтану талоны берілді.
Бұл бастама университет жастарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, оқу процесін барынша қолайлы ортада жүргізуге және олардың күнделікті қажеттіліктерін қамтуға бағытталған.
ҚазҰУ қалашылығында орналасқан асханалар мен кофеханалар күн сайын студенттерге қолжетімді бағамен сапалы тамақтану қызметін көрсетіп келеді. Университет басшылығы әлеуметтік қолдау шараларын әрі қарай да жалғастырып, жастардың білім алуына қолайлы жағдай жасауға ерекше мән беруді көздеп отыр.
