Қонақ дәрісFarabi University

Қонақ дәріс

1 желтоқсан, 2025

Тұрақты даму мақсаттары №4 – «Сапалы білім», ТДМ 8 – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», №11 – «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» және ТДМ 17 – «Тұрақты дамытуға қол жеткізу үшін әріптестік» мақсаттарына сәйкес «Цифрлық экономикадағы еңбек нарығы» пәні шеңберінде 28.11.2025 жылы бинарлық қонақ дәрісі өткізілді.

Қонақ ретінде бухгалтерлік аутсорсингтік компанияның басшысы, тәжірибелі практик-маман Ахметова Меруерт Мырзашовна шақырылды. Ол — 15 жылдан астам кәсіби өтілі бар жоғары білікті бухгалтер, түрлі ломбардтармен, жеке кәсіпкерлермен, сондай-ақ ЖК және ЖШСформатындағы ұйымдармен серіктестік тәжірибесі мол маман.

Іс-шараға «6В04109 - Цифрлық экономика» мамандығының студенттері қатысты. Дәріс барысында мемлекеттік реттеу тетіктері, салық саясаты, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы құқықтық-еңбек қатынастары, қаржылық талдау жүргізу әдістері, салық кодексінің негізгі талаптары, еңбек нарығындағы еңбек баптарының қолданылуы және келісім-шарттық қатынастардың ерекшеліктері сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.

Кездесу өте мазмұнды өтті. Студенттер белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып отырды. Әсіресе цифрлық экономиканың бухгалтерлік үдерістерге ықпалы, автоматтандырудың артықшылықтары мен қазіргі еңбек нарығында цифрлық дағдылардың маңыздылығы жөніндегі мәселелер ерекше қызығушылық тудырды.

Қонақ дәріс студенттердің кәсіби көзқарасын кеңейтіп, практикалық білімін толықтыруға маңызды үлес қосты.

Қонақ дәрісті ұйымдастырушы және модераторы:«Экономика» кафедрасының аға оқытушысыИляшова Г.К. және Есенгелдиева Г.Т