«Заң және тәртіп» - «Дипфейктер және жаңа қатерлер»
Бүгін тарих факультетінің 1-курс докторанттары ұйымдастырған маңызды тәрбие сағаты өтті. Іс-шара цифрлық қауіпсіздік, қаржылық сауаттылық және қазіргі заманның жаңа қатерлері – дипфейктер, онлайн алаяқтық пен қаржылық манипуляциялар туралы түсіндіруді мақсат етті.
🔹 Алматы қаласы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі Мырзахан Жақсылық Савлетханұлы цифрлық ортадағы алаяқтық түрлері мен одан қорғану тәсілдерін нақты мысалдармен түсіндірді.
🔹 Тәрбие сағатының екінші бөлімінде студенттердің ойлау, талдау және жылдам шешім қабылдау қабілетін дамытатын «Brain Rain» зияткерлік ойыны өткізілді. Ойын барысында қатысушылар Қазақстан және әлем тарихы бойынша сұрақтарға жауап беріп, бір-бірімен бәсекеге түсті.
✨ Іс-шара өте мазмұнды өтті. Студенттер цифрлық қауіпсіздіктің маңыздылығын түсініп, жаңа білім мен тәжірибе алды.
Басқа жаңалықтар