«Цифрландыру дәуірінде жоғары білікті логист мамандарды даярлау»Farabi University

«Цифрландыру дәуірінде жоғары білікті логист мамандарды даярлау»

2 желтоқсан, 2025

28 қараша 2025 жылы «Бизнес-технологиялар» кафедрасының оқытушылары «Цифрландыру дәуірінде жоғары білікті логистерді даярлау» тақырыбында ТДМ 9 «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» мақсатын іске асыру аясында ұйымдастырылған тегін оқу курсын өткізді. Бұл шарада логистика тұрақты инфрақұрылымдық дамудың негізгі элементі ретінде қарастырылды.
Іс-шараға халықаралық HPF KZ логистикалық компаниясының өкілдері – кәсіпорын басшысы, логистика бөлімінің менеджерлері, категория менеджерлері, логистер және т.б. қатысты. Қатысушылар талқыланған тақырыптарға жоғары қызығушылық танытып, практикалық кейстер мен пікірталастарға белсенді қатысты.
Курс барысында тыңдаушылар жабдықтау тізбектерін басқарудың заманауи әдістері, логистиканы цифрлық трансформациялау, тұрақты логистикалық тәжірибелер мен инновациялық инфрақұрылымдық шешімдер жөнінде білім алды. Ерекше назар «Орта дәліз: сенімді жеткізу тізбегін құрудың жаңа қозғаушы күші» атты перспективалы бағытқа, сондай-ақ логистиканың экономикалық өсудегі, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөліне аударылды.
Бүгінде бизнеске академиялық білімді өндірістік тәжірибеден және нақты жобаларға қатысу арқылы алынған дағдылармен ұштастыра алатын мамандар қажет екені атап өтілді.
Курс ұйымдастырушылары: Ахметова З. Б., Бейсенова М. У., Кажмуратова А. К., Болтаева А. Ж.