Логистиканы цифрландыру: заманауи мамандарға арналған болашақ дағдыларыFarabi University

Логистиканы цифрландыру: заманауи мамандарға арналған болашақ дағдылары

4 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 17 қарашада ТДМ-ның 4-мақсаты — «Сапалы білім» аясында «Логистиканы цифрландыру: заманауи мамандарға арналған болашақ дағдылары» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шара студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыруға және қорларды басқару мен логистикалық үдерістерді оңтайландыруға қажетті цифрлық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Студенттер негізгі цифрлық дағдылармен танысты: аналитикалық бағдарламаларды (Excel, Google Sheets), визуализация құралдарын (Canva, Figma), білім беру платформаларын (Darlean, Coursera, Stepik) пайдалану, сондай-ақ логистика мен қорларды басқару үдерістерін оңтайландырудағы жасанды интеллектінің мүмкіндіктері.
Іс-шара барысында көлік логистикасы жүйесі (TMS) Relog-пен жұмыс істеуге ерекше назар аударылды. Бұл жүйе жоспарлауды, маршруттауды және операцияларды бақылауды автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Интерактивті бөлімде студенттер қор көлемдерін есептеу және жоспарлау, тауарларды қоймалар арасында бөлу, жеткізілімнің оңтайлы параметрлерін анықтау бойынша практикалық тапсырма орындады. Бұл жұмыс цифрлық құралдардың шығындарды азайту және логистикалық үдерістердің тиімділігін арттыру жөніндегі шешімдерді қабылдаудағы маңызын көрсетті.
Іс-шара қорытындысы бойынша цифрлық құзыреттер мен заманауи логистикалық жүйелерді меңгеру болашақ логист мамандарын кәсіби даярлаудың және олардың табысты қызметінің маңызды шарты екені атап өтілді.
Ұйымдастырушылар: Бизнес-технологиялар кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы — Бейсенова М.У., Кажмуратова А.К., Болтаева А.Ж., Ибраева Л.М.; «Логистика» БББ 1-курс магистранты Бейбітұлы Алтынбек және «Логистика» мамандығының 4-курс қазақ бөлімінің студенттері.