- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қауіпсіз оқу ортасын қалай құруға болады? — ЦУР: №4 «Сапалы білім», №8 «Лайықты еңбек және экономикалық өсу», №16 «Бейбіт қоғамдар, әділдік және тиімді институттар».
Қауіпсіз оқу ортасын қалай құруға болады? — ЦУР: №4 «Сапалы білім», №8 «Лайықты еңбек және экономикалық өсу», №16 «Бейбіт қоғамдар, әділдік және тиімді институттар».
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Физика-техникалық факультеті. 13.10.2025 жылы сағат 12:00-де факультеттің 507 аудиториясында «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 1 курс РЭТ-125 тобының ұйымдастыруымен «Қауіпсіз оқу ортасын қалай құруға болады?» атты ашық тәрбие сабағы өтті. Жауапты куратор: Әлмен Д.Б., Электроника және астрофизика кафедрасы. Ашық сабақтың негізгі мазмұнында оқу ордасындағы қауіпсіздік шараларының маңыздылығы, өрт қауіпсіздігі мен төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер, киберқауіпсіздік принциптері, буллингтің алдын алу жолдары және қауіпсіз орта қалыптастырудағы студенттердің жеке жауапкершілігі талқыланды. Сабақ барысында түсіндіру, бейнематериал көрсету, сұрақ-жауап, пікірталас, сараптау, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану сияқты әдістер қолданылды. Сабақ нәтижесі жоспарланған мақсаттарға толық жетті, студенттердің белсенділігі жоғары болды, ой бөлісу және пікір алмасу еркін жүргізілді, шығармашылық тапсырмалар орындалды, ынтымақтастық пен қолдау мәдениеті көрінді. Қатысушылар оқу ортасын қауіпсіз қалыптастырудың маңызын түсініп, оны қамтамасыз етуге жеке жауапкершілік сезінді. ЦУР: №4 «Сапалы білім», №8 «Лайықты еңбек және экономикалық өсу», №16 «Бейбіт қоғамдар, әділдік және тиімді институттар».
Басқа жаңалықтар