РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБА БАЙҚАУЫFarabi University

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБА БАЙҚАУЫ

5 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 20-21 қараша күндері Алматы облысының Білім басқармасы мемлекеттік мекемесі «Жас дарын» орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы Алматы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өтті. Аталмыш, іс-шараның мақсаты – дарынды оқушылардың ғылыми жобаларын бағалап, жеңімпаздарды анықтап, оларды марапаттау. Жоғары орынды иеленген оқушыларды Республикалық ғылыми жоба байқауына қатысуға жолдама беру.

 Осы ғылыми жобаны қорғау жұмыстарына қазылар алқасында қазылық жасаған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушылары Ә. Амиров, К. Күркебаев, Ш. Рамазанова қазақ тілі пәндік секциясы бойынша оқушылардың ғылыми жұмыстарын тыңдап, әділ бағалап, бағыт-бағдар берді. Ғылыми жұмысты жоғары деңгейде қорғаған оқушыларға сәттілік тілеп, университетімізге оқуға шақырдық.

 Алматы облысының Білім басқармасы мемлекеттік мекемесі «Жас дарын» орталығына шығармашылық табыс тілейміз!